Бүгін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жомарт Жүрек» байқауының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқау жеңімпаздарына Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов арнайы алғыс хаттар мен статуэткалар табыстап, қайырымдылық шараларына және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып журген жомарт жүректі жандарға Өз атынан және аудан халқы атынан алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жобаның мақсаты – бизнес құрылымдарының өкілдерін, меценаттар,қала тұрғындарын, еріктілерді өздерінің кішкентай Отанын дамытуға атсалысып, азаматтық белсенділіктің озық тәжірибелерін таратуға, қайырымдылық идеяларын кеңінен насихаттауға бағытталған.
Сыйлықты тапсыру рәсіміне туған жерін, өскен өлкесін дамытуға қатысқаны үшін бизнес-құрылымдардың, еріктілер мен қайырымдылық көмек көрсетушілер арасынан 5 өкіл марапатталды. Сыйлық «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен ерлігі», «Үздік ұйым» аталымдары бойынша табыс етілді. Атап айтқанда: «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Д.Шалхар, «Туған өлке» номинациясы бойынша Н.Қобланова, «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша Д.Саранова, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша А.Саданов және «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша – Компания 13 регион жеңімпаз атанды.
© DIDARBEK.kz