Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » БЕТПЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САТЫЛАДЫ

БЕТПЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САТЫЛАДЫ

Қоғамдық көліктерде маскамен жүру төтенше жағдай енгелі қатаң бақылуға алынды. Қала тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында автобусқа мінген әрбір жолаушыға бетперде сол жерде сатылатын да жағдай жасалды. Бүгінде оның бағасы 60 теңгеден. Яғни, дәріханалардан да төмен саудалануда. Айта кетерлігі, алдағы уақытта қоғамдық көліктердегі бетперденің бағасы бұдан да төмендемек. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Ескендірдің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды.

Қоғамдық көлікте және аялдамаларда адамдар арасында қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жеке қорғау құралдарымен жүру қажеттілігі қазір аса маңызды. Себебі, бүгінде коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бәсеңдеп, карантиндік талаптар жеңілдетілуде. «Сондықтан, тұрғындар қойылған талаптарды бұлжытпай орындауды тоқтатпаса, маскасыз жүретін күнде алыс болмайды. Біз де ол үшін  үлес қосаудамыз, дейді жергілікті қоғамдық көлік компаниясының өкілі

Қалада қатаң санитарлық шаралар сақтала отырып, қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды. Таңғы сағат 7.00 ден үзіліссіз кешкі 20.00 ге дейін жүруде. Тәртіпке бағынбай, талап бұзғандар айыппұл төлейді. Сол себепті, тиісті орындарда әсіресе, көпшілік шоғырланған жерлерде бетперделік режимін сақтау бүгінде  аса маңызды.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу