Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН

ҰЛТ РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН

Шымкент қаласының орталықтандырылғанкөпшілік көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 11 кітапхана бөлімшесінде, қазақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырған қайталанбас ірі тұлға, Алаш қайраткері, ақын,жазушы Міржақып Дулатовтың туылғанына 135 жыл толуына арнап «Ұлт рухын ұлықтаған» атты онлайн—кітап оқу ұйымдастырылды. Мақсаты оқырмандарға атақты тұлғаның өмірбаяны мен шығармаларын кеңінен насихаттау. Міржақып Дулатов 1885 жылы Торғай облысында дүниеген келген. Екі жасында анасынан, он екі жасында әкесінен айырылған. Үлкен ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Ауыл молдасынан соң, 1897 жылы екі кластық орыс—қазақ мектепбінде оқып білімін көтереді. Міржақып бес жыл білім алып, ауылындағы мектепке алты—жеті жыл ауыл балаларын оқытады. 1904 жылы Арқадағы қазақ оқыған зиялыларының бас қосатын орталығы Омбы қаласына өз білімін ары қарай дамыту үшін барады. Омбыда ол атақты ұлы қайраткер Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Екеуі бірігіп Қарқаралыға барып, сонда революциялық қозғалыстарға қатысады. Міржақып Дулатов алғашқы саяси күрескерліктің сабақтарын Ахмет Байтұрсыновтан және Әлихан Бөкейхановтан үйренеді. Сөйтіп қазақ халқын біріктіру мақсатында «Алаш Орда» үкіметін құрады. Ондағы мақсат қазақ халқының екі жүз жылдан аса ақ патшаның қыспағынан, үстемдік еткен кеңес үкіметінен құтылып, Қазақстанды тәуелсіз мемлекетке айналдыру. Осылайша Алаш арыстары ұлттық мемлекет құруды көздеп, елді бірлікке шақырады. Ал кеңес үкіметі оларға —»Ұлтшыл»- деп айып тағады. Міржақып Дулатов өзінің артынан ерген  Көкше Кемеңгерұлы, Мағжан Жұмабаевқа және көптеген тұлғаларға ұстаздық етеді. Алаш қайраткерлері Жүсіпбек Аймауытов қазақтан шыққан тұңғыш педагог—психолог—ғалым атанады.

Мағжан Жұмабаев мұғалімдерге тұңғыш «Педагогика» атты пайдалы кітабын жазады. Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі әліпбиін, тіл құралдарын құрастырса, Міржақып Дулатов есеп құралын, яғни «Математика»,»Геометрия» оқу құралдарын құрастырған. Міржақып Дулатов 1914 жылы өзінен он жас кіші Ғайнижамалға үйленеді. Одан екі перзент сүйеді.Үлкен қызы Гүлнәр, кішісі Әлібек атты ұл. Әлібек тоғыз жасында айықпас дертке ұшырап қайтыс болады. Міржақып Дулатов көптеген мақалалар мен өлеңдер, әңгімелер, романдар жазып қалдырған ірі тұлға. Атақты «Оян қазақ» атты өлеңінің авторы. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» атты кең көлемді роман жазады. Осы романы қудалауға түсіп, кейін өзгертіп қайта бастырады. Міржақыптың басқан ізін аңдып талай рет абақтыға жауып, жер аударылады. Оқырмандарға атақты тұлғаның»Бақытсыз Жамал» атты романы жайлы баяндалып, кеңінен насихатталды.
Қазақ халқы үшін күрескен, еңбек еткен Міржақып Дулатовтың бейнесі жастарға өнеге, тағылым болары анық. Бүгінгі тәуелсіз Қазақ елу Алаш алыптарының еңбегін ешқашан ұмытпай, құрмет тұтады.

ОККЖ-нің 11 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Баймұханбетова Айжан.

Пікір жазу