Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тұлға » Туған жері әлі нақтыланған жоқ

Туған жері әлі нақтыланған жоқ

Ресми деректерге жүгінсек, Қажымұ­қан 1871 жылы 12 тамызда Ақмоладағы Қараөткел дуанына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген. Алайда палуанды «Оңтүстік Қазақстан топырағының тума­сы» ретінде танитындар да бар.

Бұған негіз болатын жайт – палуанның атасы Ернақ зиратының Отырар ауданы Шілік ауылын­дағы ескі қорымда жатқандығы және сол маңайда Ернақтың жайлауы деген жайлаудың болғандығы. Көнекөз қариялар Ернақтың баласы Мұңайтпас­тың Ақмола маңына қоныс аударуы ағайын арасындағы араздықтың салда­ры екен­дігін айтады.

Бұл жөнінде палуанның ұлы Жанә­біл кезінде: «Шілі­ктегі Ақтөбе дейтін жерде Қызылшек­пен деген қыпшақтар ауылы бар, түбіміз сол жақтан шықса керек. Әкеміз бір жасқа толар-толмаста ағайын арасында келіс­пеу­шілік туыпты. Мұңайтпас атамыз айтқаны­нан қайтпай­тын бірбеткей адам екен. Ауылдағы ағайынға ренжіп қалған соң, «қыпшақтар тұратын Ақмолаға кетемін» деп жолға шығыпты.

Соңынан 40 жігіт қуып барып, басу айтып: «Өкпеңді қой, елге қайт. Көшті кейін қайтар», – десе: «Жарайды. Бірақ мына Қажымұқанымды жерге бір-ақ ұрып қарбызша жарамын.

Сосын қайтамын» – депті. Барған 40 жігіт: «Он­да жолың болсын!» – деп бата беріп, кері қайтыпты. Онда барған соң өкімет құжат берген, сөйтіп, сонда туылды деп жазы­лып кеткен», – деген түсінік беріпті. Алай­да Астана маңындағы қыпшақтар палуан­ның өмір тарихын өздеріне жақын етіп таратады. Қалай болғанда да, Қажымұ­қанның нақты қайда туғаны жөнінде әлі түпкілікті байлам жасалған жоқ.

Дереккөз: alashainasy.kz

 

Пікір жазу