Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: 2025 жылға дейін Абай ауданының 59%-ы кәріз жүйесімен қамтылады

Шымкент: 2025 жылға дейін Абай ауданының 59%-ы кәріз жүйесімен қамтылады

2025 жылға дейін Шымкент қаласы Абай ауданының 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Абай ауданының 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. 2020 жылы 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Ал, өткен жылы Самал-1 шағынауданында, 2022 жылы Самал-3, Солтүстік-батыста құрылыс жұмыстары аяқталды Қалған елді мекендерді қамту бойынша 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда. 1-кәріз тазалау имаратынан (КОС) – 11 елді мекен орталықтандырылған кәрізбен қамтылатынболады. Олар Ақниет, Қатынкөпір, Телман, Агрпром, Самал-1, Жайлау, Қорғасын-1,2, Нұршуақ, Қызылжар, Ынтымақ шағынаудандары. 2-кәріз тазалау имаратынан (КОС) – 3 елді мекен орталықтандырылан кәрізбен қамтылатынболады. Атап айтар болсақ, Қазығұрт, Құрсай, Карл Маркс аудандары. Айта кетейік, Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту жұмысы кезең-кезіңмен атқарылуда. Басқарма мәліметіне сүйенсек, өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын аудандарының ішкі жүйелерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Нәтижесінде кәрізбен қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға өскен. Қазіргі таңда Арғынбеков көшесімен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Самал-3, Ұлағат, Мирас, Солтүстік-шығыс, Шапағат-2 шағын аудандары мен Хлопзавод көшесіндегі 48 мыңнан астам адам кәріз жүйесіне қосылады. Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 60%-ға өседі. Биыл барлығы 16 нысанда құрылыс жүргізілуде. Атап айтқанда 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елді мекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда. Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Пікір жазу