Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕГІ 78 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

ШЫМКЕНТТЕГІ 78 ЕЛДІ МЕКЕН САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласындағы 81 елді-мекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Шымкент қаласы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков брифинг барысында мәлімдеді. Ал, қалған 3 елді мекен ауыз суды кестемен тұтынуда. — Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл барлығы 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Текесу е/м, Қайнарбұлақ е/м, Еңбекші ауданының жаңақұрылыс аумақтары және Нұртас су жинақтағыш имараты, — деді ол. Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға өтпелі.

Алдағы жылдың жоспары бойынша 3 магистралды суаққы салынып, қолданысқа беріледі. Сонымен қоса, Еңбекші ауданына қарасты Текесу елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары биыл басталған. Ұзындығы 13,8 шақырымдық су құбырының бүгінде 12 шақырымы орнатылды. Қазір құрылыс жұмыстарының 80 пайыздан астамы аяқталды. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріліп, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Жыл қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызға жетеді. Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша,барлығы 10 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталған. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өскен. Сонымен қатар, 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Ал, қалған Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су кестемен беріледі. 2022 жылы 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 98%-дан, 99%-ға өседі деп күтілуде.

Пікір жазу