Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ – ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАСЫ

ШЫМКЕНТ – ЕРІКТІЛЕР ҚАЛАСЫ

Шымкент қаласында бүгінде оннан аса волонтерлік ұйым жұмыс істейді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, «ASАA» жастар қоғамдық бірлестігі, «Ізгілікте жарысайық», «Харекет» қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық порталы, «Жігер» салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, «Жасыл ел» еңбек жасақтары және тағы басқа волонтерлік ұйымдар қоғам өміріне белсене араласуда. Барлық ұйымда дарынды жастар шоғыры қалыптасқан. Қалалық жастар ресурстық орталығы өкілдерінің мәліметінше, оннан астам волонтерлік ұйым, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 30-ға жуық волонтерлік топтар тығыз жұмыс атқарады. Онда тұрақты түрде төрт мыңнан астам белсенді ерікті жұмыс істейді.

Аталған волонтерлік ұйымдар мен топтар жыл басынан бері әлеуметтік, санитарлық-тазалық, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы акциялар аясында көптеген жақсы істерге ұйытқы болды. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты. Ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі қарт кісілердің қан қысымын өлшеп, жеміс-жидектермен қамтамасыз етті. «Birgemiz: Тaza Alem» жалпыұлттық жобасы аясындағы сенбіліктерге қатысып, тұрғын алабтарда, ардагерлер үйінде, мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты қарттардың шаңырағында, сонымен қатар, саябақтарда көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қоса, аталған волонтерлік ұйымдармен волонтерлік топтармен «Жанға жылу» акциясы аясында қаладағы аз қамтамасыз етілген 1000-ға жуық отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады.

Пікір жазу