Шымкентте жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер, жаңғыртылатын және күрделі жөндеуден өтіп жатқан обьектілердің сапасына бақылау күшейтілді. Бұл туралы Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы мәлімдеді.
Қазіргі таңда қала аумағындағы құрылыс сапасын бақылау бойынша техникалық қадағалаушылар объектілерге ай сайын мониторинг жүргізіп келеді. Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан 585 нысанға (оның 118-і бюджеттік нысандар, 467-і жеке нысандар — 467) мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде басқарма тарапынан 43 (сапасына қатысты – 4, заңсыз құрылыстарға қатысты – 39) құрылыс объектісі бойынша 118 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған (8 866,5 АЕК – 30 589 425 теңге).
Оның ішінде, құрылыс сапасына қатысты 4 құрылыс нысаны бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1950 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ал, қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 39 құрылыс нысаны бойынша 113 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жауаптылар 6 916,5 АЕК айыппұл арқалаған.
Одан бөлек, құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді. Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді. Сондай-ақ, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.
Айта кетейік, басқарма ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, авторлық қадағалаушы тұлғаларға және Заңның 34-1 бабына сәйкес, техникалық қадағалаушы тұлғаларға құрылысқа қатысты міндеттерін өз деңгейінде атқаруға ескертулер тұрақты жолдануда.
Айта кетейік, басқарма ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, авторлық қадағалаушы тұлғаларға және Заңның 34-1 бабына сәйкес, техникалық қадағалаушы тұлғаларға құрылысқа қатысты міндеттерін өз деңгейінде атқаруға ескертулер тұрақты жолдануда.