Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Құқықбұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алу»: Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

«Құқықбұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алу»: Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №46 мектеп-лицейі жастары арасында «Құқықбұзушылықтың және тәуелділіктің алдын алу» бойынша семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған іс-шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында күйзеліс, жағымсыз әрекеттердің әдетке айналуымен мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Семинар-тренинг барысында жастарға ең алдымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Күн шықты», «Қызыл лента» секілді түрлі психологиялық ойындар ойнатылды.

Сондай-ақ семинар соңында жастар арасында топтық әңгіме өрбіп, сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды. Еске сала кетейік, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласындағы Индустриалдық техникалық колледж студенттерімен кедесу өтті. Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуда. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Аталған іс-шараға Шымкент ҚПД Абай АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бакытжан Сатыбалдыұлы Адилбеков пен Абай АПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағдат Жәнібекұлы Жүсіпбек қатысты. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғанын айтып, жалпы түсінік беріп өтті.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Пікір жазу