Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖАҢА БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА

ЖАҢА БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкентте қазір 7 білім нысанының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Олар №8, №65, №45 мектептерге арналған қосымша ғимараттар, №4 өнер мектебі, Шымкент қалалық әкімшілік іскерлік орталығындағы оқушылар сарайы және №10 колледжге қосымша ғимарат.
Биылғы жылы бітуі тиіс бұл нысандардың құрылыс жұмыстарының сапасы қала әкімінің қатаң қадағалауында. Сондай-ақ, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетін болды. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды. Сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жаңа модификацияланған кабинеттермен қамту қарқынды өсуде. 141 мектепке 320 интерактивті панель орнатылды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72 пайыздан 85 пайызға өсті. Білім ұйымдары аумағында соңғы үлгідегі спорт алаңшаларымен қамту биыл 100% ға аяқталады. Қаладағы үш ауысымда білім беретін №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына аяқталып, пайдалануға беріледі. Үш ауысымды мектеп мәселесі биыл толық шешімін табатын болады. Сондай-ақ, білім ұйымдарында цифрландыру қарқыны артып келеді. Атап айтатын болсақ, бүгінде қаланың жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген. Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берді. Оның ішінде оқушылар сарайы, жас техниктер станциясы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген.

Пікір жазу