Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » ШЫМКЕНТТІК ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӘЛЕМДІК ЧЕМПИОНАТТА ҮЗДІК БЕСТІК ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ӘЛЕМДІК ЧЕМПИОНАТТА ҮЗДІК БЕСТІК ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Жақында 2 тамыз бен 7 тамыз аралығында Ақтау қаласында мектеп командалары арасында шахматтан әлем чемпионаты өтті.
Турнирге әлемнің 53 елінен барлығы 400-ге жуық мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан атынан 10 мектептің, атап айтқанда Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларының жас шахматшылары үздік бәсекелестермен үзеңгі қағыстырған болатын,
Соның ішінде біздің Шымкент қаласынан №9 Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп лицейінің оқушылары әлем чемпионатында 5-орынға ие болды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Шартараптың шахматшылары арасынан суырылып үздік бестік қатарынан көрінген ойы зерек, көңілі жүйрік балаларымызды шын жүректен алғыс білдіре құттықтаймыз!
«Шахматтан бұндай жоғары көрсеткіштерге жетуіміздің бірден-бір себебі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі білім ұйымдарында шахмат үйірмелерін енгізуге аса көңіл бөлінуі деп ойлаймын. Мысалы, Шымкент қаласынның барлық білім ұйымдарының бастауыш сыныптарында шахмат пәні үйірме ретінде өтіп жатқанына биыл төртінші жыл болады. Шахматты мектеп табалдырығынан игеру, ол болашақта зиялы, білімді, талантты, шығармашыл, ақыл-ойы мықты дамыған жастарды тәрбиелеуде бірден-бір мықты құрал болып табылады», — деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы Тәжиева.
№9 ІТ лицейінің ұстаздары мен оқушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта Шымқала жастары бүкіл әлемдік деңгейде еліміздің намысын қорғап, жүлделі орындарға ие боларына сенеміз.
Шахматты мектеп табалдырығынан игеру — болашақта баланың зиялы, білімді, талантты, шығармашыл, ақыл-ойы, өресі дамыған зерделі де зерек болып шығатынының кепілі.

Пікір жазу