Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбындағы кездесу

«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбындағы кездесу

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастытуымен «Достық» шағынауданында орналасқан №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және Шымкент қалалық №3 емхана қызметкерлерімен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Н.Күндебаев, №4 МӨСБ бастығының м.у.а Ж.Аманкулов, Шымкент қалалық №3 емхана басшысының орынбасары А.Тасбулатова және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Кездесу мақсаты іс-шараға қатысушыларға дәстүрімізді дәріптеп, жат әдеттерден сақ болу жөнінде түсіндіру болып табылады.

Дәстүрлі дін туралы түсініктеме беріп, өзге де кереғар діни ағымдар туралы, олардың ықпалына түспеу және олардың қоғамның дамуына келтіретін зияны туралы толықтай түсінік берілді. Дәстүрлі діндер тарихы туралы ақпараттандыру, деструктивті ағымдар қызметінің мағынасын ашу, дәстүрлі діндер тарихын насихаттау болды. Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға дінтанушы мамандар нақты жауаптар берді.

Пікір жазу