Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланды

«Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланды

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланып, 3 шыңға төле би, қазыбек би және әйтеке бидің есімдері берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан облыстық альпинистер федерациясы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру.

«Бұл – біздің таулар!» фестивалі 2018 жылы үш биге арналды. Атап айтсақ, облыстағы 3 биік шыңға Төле, Қазыбек, Әйтеке бидің есімі берілді. Бұрын Студентов (3750 м) деп аталған шың енді Әйтеке би шыңы деп аталса, Кергели узловая (3787 м) шыңына Қазыбек бидің есімі берілді. Ал, Рощина (3860 м) шыңы енді Төле би шыңы деп аталады.

Ел рухын көтерген фестивальде Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласынан жиналған 30-ға жуық альпинистің 15-і аталған шыңдарды бағындырды.

Салтанатты шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен фестивальдің маңыздылығына тоқталып, альпинистерді Алғыс хатпен марапаттады. Түркістан облыстық альпинистер федерациясының президенті Бақытжан Асанов туризмді дамыту бағытындағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Іс-шара барысында велошеру, ұлттық ойындардан сайыстар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ел ағалары ұлы тұлғалар туралы деректер айтып, ақ баталарын жаудырды. Тау баурайында үш бидің құрметіне ас беріліп, патриоттық әндер шырқалды. Фестивальге жиналған көпшілік Төле би ауданының табиғатына тамсанып, ішкі туризмді дамытуға үлес қосып қайтты.

 

Суретті түсірген Н.Шынтеміров.

Пікір жазу