Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 4)

Архив меток: Rr

ЖАҢА АУДАННЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖОСПАРЛАНУДА

«Халқымыз үшін елеулі оқиға орын алғалы тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, наурыз айында Түркістан қаласында Түркі тілдес Мемлекеттер Басшыларының Саммитін өткізу үшін дайындық жұмыстары басталды. Бұл шара – күллі Түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның ...

Толығырақ »

ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН

«Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз жалғасын тауып, Түркістан қаласының көркеюіне бар ынтамыз бен күш-жігерімізді саламыз»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев есептік кездесуінде. Түркістан қаласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қаланың әкімшілік – іскерлік орталығында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге 100 шақырым инженерлік инфрақұрылым тартылды. Ал, рухани-мәдени орталықта құрылысы жүрзілген 9 нысанның жетеуі пайдалануға берілді. Сонымен ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру және туристерді тарту мақсатында Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр және мәдени демалыс орындары қызмет көрсетуде. Қазақстандағы туризм саласындағы кадрлардың қажеттілігін және қалада көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ескере отырып, Түркістанда Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті ашылды. «Облысымыз тарихи және мәдени нысандарға бай өлке. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДЕ ҚОЛҒА АЛЫНАТЫН ТЫҢ ЖОБАЛАР

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету — бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Ел алдында есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы салада қолға алынатын жоспарлармен бөлісті. «Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Түркістанды тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай, Түркістан қаласын дамыту ...

Толығырақ »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Ел алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаһан жұртын құрсауына түсірген пандемия кезінде орын алған Мақтаарал оқиғасын еске алды. «Басына қиын іс түскен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмады. Бұл халқымыздың біртұтас ел екендігін дәлелдеді. «Бірлігі бекем ел, бәрін жеңеді» демекші, апаттың салдарын жоюға бүкіл республика атсалысты. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 54 нысанның құрылысына 18,3 млрд. теңге қарастырылып, 28 нысан пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, бес елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1%-ды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  өткен жылды қорытындылаған ел алдындағы есебінде айтты. Биыл тағы 49 нысанның құрылысы жүруде. ...

Толығырақ »

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

«Облыс аумағындағы құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 65,8%-ға артып, 300 млрд. теңгені құрады. Елімізде өзекті болып отырған баспана беру мәселесіне басым назар аударылуда. Осыған орай, жылдың қорытындысымен нақты 735,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, тапсырма 18,6%-ға артығымен орындалды»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген жылдық есебінде. Халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі өткен жылы атқарылған ...

Толығырақ »

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР АУҚЫМДЫ

Пандемияның білім саласына тигізген әсері мен бүкіл білім жүйесі үшін ауыр сынаққа айналғанын айтқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел алдында берген есебінде барша ұстаздар қауымына, ата-аналар мен оқушыларға алғысын білдірді. Адамзаттың алғаш рет бетпе-бет кездескен мұндай жаһандық қиындықтың уақытша құбылыс екенін, қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу үшін барлық жағдайдың жасалатынын айтты. Биылғы ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТУДА

Биыл «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлік субъектілерін 70 млрд. теңгеге жуық жеңілдетілген 6% несиемен қамтамасыз ету жоспарланған. «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі арқылы 40 мыңнан астам қызметтер көрсетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 150 мыңға дейін жеткізіліп, өндірілетін өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы орталығын құру ...

Толығырақ »

АЙМАҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты.  Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. «Жалпы, өткен жылы облыста халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды, алдымызға іске асыруға тағы да көлемді міндеттер қойып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей облысымыз туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан әлеуметтік сала басты назарда. ...

Толығырақ »

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АЙТТЫ

Ел алдындағы есептік кездесуін бастаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға былтыр 24,4 млрд. теңге қаралды. Оның аясында 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бүгінде облыстағы 100 мыңнан астам көпбалалы отбасы ай сайын жәрдемақы алады. 2020 жылы жоспарланған 50 мыңдай көпбалалы отбасының 39 мыңы ...

Толығырақ »

ӨТІНІШ-ШАҒЫМ АЗАЙҒАН

Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсетілетін қызмет сапасының артуы нәтижесінде 2020 жылы тұрғындардан 63 мыңнан астам өтініш түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға азайған. Ел алдындағы есептік кездесуін бастаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен жылды қорытындылап, жыл көшінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Қол жеткен жетістіктер мен алдағы айқын міндеттерді кеңінен баяндады. Өз есебінде Өмірзақ Шөкеев аймақ дамуының негізгі бағыттарына тоқталды. Пандемияға байланысты ...

Толығырақ »

ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҚ

Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша ауданда құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасарлары, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Әуелбеков, «Қазсушар» мекемесінің аудандағы өкілі Нұртас Байбатшаев және аудан әкімінің төтенше жағдайға жауапты бас инспекторы Ғалымжан Омаров бүгін Алғабас ауылдық округі аумағындағы «Қапшағай» су қоймасына барды. Су тасқыны болған ...

Толығырақ »

ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжілісті облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етіп жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын бекіту туралы мәселе дауысқа салынды. Аталған құжат бойынша облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев баяндама жасады. ...

Толығырақ »

ОҢТАЙЛЫ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы салық төлеушілер үшін тиімді. Мобильдік қосымша кез келген азамат үшін қолжетімді. Мәселен, енді қазақстандықтар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алатынын Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әлібек Лесов мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникциялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. «Мобильдік қосымшаны салық төлеушілер дұрыс қолдана білсе, онда мемлекеттік кірістер органдарының ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АЗАЙҒАН

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті былтыр өңірдегі мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын сақтауға қатысты 35 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 1 157 бұзушылық анықтады. Тиісінше 2019 жылмен салыстырғанда 32 пайызға төмендегенін көрсетеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов мәлімдеді. Оның айтуынша, заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары – 632 (54,6%), ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Түркістан қаласында тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Спорттық қала — дені сау тұрғындар» тақырыбында қала әкімі кубогы сарапқа салынды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. 14 ақпан күні басталған додада алғаш болып жас жеткіншек қыздар баскетболдан жарысқа түсті. Облыстың әр аудан, қалаларынан барлығы 15 команда, 180-нен астам азамат қатысты. Бәйге нәтижесінде I орын ...

Толығырақ »

«ПАРАСАТТЫ ЖОЛ» ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Парасаттылық – ізгіліктің іргетасы, даналықтың биік шыңы. Бұл кемел қасиет толық қалыптасқан қоғамда адалдық пен әділдік, туралық пен тазалық, адамгершілік пен сенім құндылықтары кең тамыр жаяды, өнегелі істердің өрісі кеңейеді. Бұл ретте, парасаттылық идеялогиясын ілгерілетуге айрықша басымдық берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгінгі күні Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, ел аумағында орналасқан кітапханаларда «Парасат жолы» орталығын ашу бастамасын жүйелі ...

Толығырақ »

«ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ САТСАМ ДЕЙМІН…»

«Ауылдағы Мәдениет үйінің жанынан бір бөлмесін жалға алып, газет — журнал, кітап сататын дүкен ашсам болады ма?». Бұл – Қарабұлақ ауылының өз кәсібін дамытқысы келген тұрғынының сауалы. Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Тынымбаева бүгін Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарын жеке сұрағы негізінде қабылдады. «Ауыл — ел тірегі» онкүндігі аясында ұйымдастырылған қабылдау барысында тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап ...

Толығырақ »

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. Шымкентте Үкімет басшысына өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген. А. Мамин биыл пайдалануға беру жоспарланған Д. Қонаев ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Ұлттық спорт түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұл жарысқа өңіріміздің талантты жастары қатысты. Өңірде ұлттық спорт түрлері кеңінен дамып келеді. Жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей өткен сайыста садақ атудан жасөспірімдер арасында бас жүлдені төлебилік Иманбек Асылбек иеленді. Сарыағаш ауданының намысын қорғаған Әділ Бейтенов күміс жүлдегер, ал, Жасұлан Жұмабек қола жүлдегер атанды. ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Ашық әкімдік» алаңында жеке азаматтарды онлайн қабылдады. Елдегі карантин жағдайына байланысты азаматтардың жеке қабылдауы онлайн форматта өтті. Әкімнің жеке қабылдауына өз мәселесімен 10-нан астам азамат қатысты. Облыс басшысының қабылдауына жазылған азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Аймақ басшысынан тұрақты жұмыс табуда көмек көрсетуін сұрағандар да болды. Атап айтсақ, Келес ауданы Көкбұлақ елді мекенінің ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Облыс әкімі өз баяндамасында аймақ дамуының негізгі деген бағыттарына тоқталды. Әлем экономикасын құлдыратқан пандемияның салдары ел өміріне де өзгерістер енгізгенін ескерген облыс басшысы өткен жылды жалпы алғанда, Түркістан облысы нәтижелі аяқтағанын айтты. Экономикада өсім, салықта түсім бар. Жалпы өңірлік өнімінің өсімі бойынша облыс республикада өңірлер арасында 1 орында. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 120 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ АРТЫП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысы Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызылған. Қырыққабат егумен үзбей айналысатын Жаңа дәуір елді мекенінде орналасқан «Шаблан» шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазіргі таңда одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол ...

Толығырақ »

КЕДЕЙ ҚЫЗЫ

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында жас жазушы, былтыр ғана «Жылдың үздік жазушысы» аталымының иегері атанған Абылай Есімбайдың «Кедей қызы» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен жазушының замандастары ...

Толығырақ »