Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҚ

ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҚ

Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша ауданда құрылған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасарлары, аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қанат Әуелбеков, «Қазсушар» мекемесінің аудандағы өкілі Нұртас Байбатшаев және аудан әкімінің төтенше жағдайға жауапты бас инспекторы Ғалымжан Омаров бүгін Алғабас ауылдық округі аумағындағы «Қапшағай» су қоймасына барды. Су тасқыны болған жағдайда халықты құлағдар ететін дабылқаққыштың жұмыс істеп тұрғанын тексеріп, судың деңгейін бақылады. Жалпы Қапшағай су қоймасы 1982 жылы салынған. Сыйымдылығы 34 млн куб. Қазіргі таңда нақты су қоймаға жиналған судың мөлшері 8,3 млн куб немесе 26 пайыз, жылдағыдан мөлшері төмен жиналып, су тасу қауіпі жоқ.
Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша құрылған комиссия мүшелері Мыңбұлақ ауылдық округі аумағындағы «Досан» су қоймасында болды. Аталған су қойманың дабыл қаққыштың жұмыс істеп тұрғанын тексеріп, судың деңгейін бақылады. «Досан» су қоймасына өткен 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Талапқа сай жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылған. Судың сыйымдылығы 6,2 млн куб. Қазіргі таңда судың мөлшері 850 куб немесе 13,5 пайыз су жиналған. Тасқын қауіпі жоқ.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу