Биыл «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлік субъектілерін 70 млрд. теңгеге жуық жеңілдетілген 6% несиемен қамтамасыз ету жоспарланған. «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервисі арқылы 40 мыңнан астам қызметтер көрсетіп, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 150 мыңға дейін жеткізіліп, өндірілетін өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастығы орталығын құру мақсатында Сарыағаш ауданында 200 гектар аумаққа сауда орталығының құрылыс салу жобасы әзірленеді.
Маңызды жобаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облысқа 703,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 59,4%-ға артты (2019 жыл 443,5 млрд. теңге). Айта кету керек, инвестициялардың өсу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы республикада 1 орынға ие болды. Оның ішінде, 112,4 млрд. теңге сыртқы инвестициялар, үлесі 16%-ды құрады. 2020 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 154 млрд. теңгеге 37 инвестициялық жоба іске асырылып, 3 800 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жалпы құны 260,5 млрд. теңгені құрайтын 3 900 жаңа жұмыс орнын құрумен 54 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Жүзеге асқан ең ірі жобалар ретінде құны 31,2 млрд. теңге болатын «KZT Solar» (HEVEL Kazakhstan) ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысы мен жоба құны 19 млрд. теңге болатын «ЮКСЭС 50» ЖШС-нің күн электр станциясының құрылысын атауға болады. Сонымен қатар, Түркістан облысына ірі инвестиция құйған «Ecoinvest» ЖШС-нің өнеркәсіптік жылы-жай кешені құрылысының 1-кезеңі жүруде. Жоба құны — 6,8 млрд. теңге. «Стандарт Ресурсис» ЖШС-нің көмірхимиялық комбинатының құрылысы, құны 1,5 млрд. теңге және әлеуметтік «Turkistan Textile» БК» ЖШС-нің тігін фабрикасының құрылысы мен «АБН Альянс» ЖШС-нің пластикалық құбырларды өндіру кәсіпорындары бар.
@DIDARBEK.KZ