Шымкент қаласында бүгінде 588 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның ішінде 517-і жекеменшік болса, 71-і мемлекеттік балабақшалар. Қала бойынша жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар жаңа ғимараттарға орналасқан. Дегенмен, қаладағы ескі балабақшалар бұл күнде күрделі жөндеуді қажет етеді, Соның бірі құрылғанына 55 жыл болған №3 бөбекжай-бақшасы қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бөбекжай нысандарына арнайы барып, ғимарат құрылыстарын ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ШЫМКЕНТТЕ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ҚОЙМА КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма кешендері көбейеді. Бүгінде сауда-логистикалық орталығында «НМИ — ЮГ» көп функционалды қойма кешені салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге алаңда болып, құрылыс барысын тексерді. Жобаға сәйкес, ғимараттың аумағы 22 мың шаршы метрге жуықтайды. Тоңазытқыш камерасында тәулігіне 1455 тонна өнім сақтауға болады. Ал ұн өнімдерін сақтайтын орында 327 тонна тауар сақтауға мүмкіндік бар. Кешен іске қосылғанда 100 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық кеңес отырысында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жан-жақты кешенді оңалту шаралары қажет екенін айтты. Сонымен бірге елімізде балалар скринингін жақсарту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары жанындағы әлеуметтік қызметтер жұмысын күшейтуге арнайы тапсырма берді. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» коммунальдық қазыналық мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың сәуір айынан ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 160 НЫСАН САЛЫНАДЫ
Шымкентте биыл 160 нысан салу жоспарлануда. Құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Сайрам ауданында арнайы іссапарымен болды. Алдымен халық қалаулысы «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімі Арман Сәбитов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, тиісті дербес бөлім басшылары және ауылдық округтерінің әкімдері қатысты. Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу, Манкент ауылдық округтерінен келген тұрғындар өз өтініштерінде жерді заңдастыру, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Шымкент қаласының жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау барысын пысықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысып шықты. Жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. Бүгінде соның жетісі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр Атап ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы құзыретіне «Құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрі жүктелген. Қаладағы құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлу, қасбеттерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін негізге ала отырып жүргізіледі. Жауапты мекемеден мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті ...
Толығырақ »БАЛА САУЛЫҒЫНА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН МЕКЕМЕ
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы – балаларға мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсететін заманауи көпсалалы аурухана. Онда қабылдау бөлімі, жарақат бекеті, хирургиялық және соматикалық бейіндер бойынша медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Жыл басынан бері мекемеде 33 154 науқас балаға медициналық көмек көрсетілген. 5392 науқас стационарлық ем қабылдап, сауығып шыққан. Жалпы ауруханада білікті дәрігерлер 1477 ота жасап, оның ішінде 426-ы жоспарлы түрде, 1051-і ...
Толығырақ »Шымкентте жылына 262 млн литр сусын шығаратын зауыт салынып жатыр
Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясының қолдауымен алкогольсіз, газдалған және газдалмаған ауыз су сусындарын шығаратын зауыт салынып жатыр, хабарлайды didarbek.kz. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Шымкент қаласына «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Қазақстан филиалының директоры Мұстафа Белтекин жұмыс сапарымен келіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, зауыт құрылысының жобасын талқылаған болатын. Жүргізілген келіссөздерге сәйкес, биыл зауыттың іргетасы қаланып, қазір ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕН — СОЛТҮСТІККЕ
Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 10 ұлттық жобаның ішінде ең маңыздысы-2021-2025 жылдарға арналған «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы. Ұлттық жоба бұған дейін үш мемлекеттік бағдарламада (өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту, «нұрлы жол» инфрақұрылымды дмыту) болған бағыттары 7 Ұлттық жоба шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар үшін субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Баспана мен тұрақты жұмыстың ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SHYMKENT FEST” ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет «Shymkent fest» жобасында жастар арасында көше спорт түрлерінен, мәдениет-өнерден семинар, мастер-кластар мен байқаулардың салтанатты ашылуы өтті. «Shymkent fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақыт тиімді ұйымдастыруға бағытталған, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Аталмыш ...
Толығырақ »Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Астана күнімен құттықтады
Құрметті қала тұрғындары! Қадірменді жерлестер! Баршаңызды елдігімізді паш ететін тамаша мерекелердің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Астана – еліміздің мақтанышы, мерейі, мәртебесі. Бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы. Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келіскен Астана жарқын болашақтың, кемелді келешектің кепілі іспеттес. Отанымыздың жүрегі – Елордамыз Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – еліміздің зор қуаты. ...
Толығырақ »Қазығұрт: Көшелерге асфальт төселуде
Күре жолдарда күндіз-түні көліктер ағылып жатады. Жеңілі де, ауыры да. Мұның өзі жолдың тез жарамсыздануына әкеліп соғады. Ойылған жолдар барлық жердегі сияқты Қазығұрт ауданында да бар. Осы мәселелерді оңды шешу үшін бүгінде ауыл округтеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды. – Республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен 2,8 млрд. теңге бөлініп, 128 шақырымды құрайтын 50 аудандық маңызы бар жол жөнделуде және елді ...
Толығырақ »МАҚСАТ – АУЫЛДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы Қазығұрт ауданына арнайы іссапармен келіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратында қазығұрттық кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды, деп жазады Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атаулы жиынға Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұржан Әшіров, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Медеуов, «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының ...
Толығырақ »БИ ПАДИШАСЫ ШАРАНЫҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Түлкібас ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі «Балалар өнер мектебінің» би үйірмесінің оқытушылары қазақ би өнерінің негізін салушы Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына орай орталық саябақта «Би падишасы- Шара Жиенқұлова» атты мерекелік шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға би падишасы Шара Жиенқұлованың қазақ мәдениетіне қосқан орасан зор еңбегімен таныстыру, танымын кеңейту, білімдерін жетілдіру болды. Халық әртісі, қазақ би өнерінің негізін салушы Шара ...
Толығырақ »САЙРАМДА КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралып, олардың орындалу барысы пысықталды. Алдымен «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы М.Чингельбаева жобаның мақсатын таныстырды. «Қарызсыз қоғам» жобасы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығы бойынша құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған. Аталған жобаға несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізілімінде тұрған адамдар, ағымдағы несиелері бар және олар ...
Толығырақ »Шымкент өңдеу өнеркәсібі бойынша республикада көш бастады
Шымкент қаласы республика бойынша өңдеу өнеркәсібінен алдыңғы орыннан көрінді, деп хабарладйы didarbek.kz. Шымкент қаласының индустриалдық аймақтары өнеркәсіп саласының дамуына серпін беруде. Қазіргі таңда бес өндірістік аймақ 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны мен 337 кәсіпорын ашылған. Қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдығы 90 пайызды құрап, қажеттілікке қарай тағы 5 индустриалды аймақ ашу жұмыстары қарқынды. Нәтижесінде 400 млрд теңгеге 284 кәсіпорын өз жұмысын ...
Толығырақ »Шымкенттің бас жоспары мақұлданды
Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясында мегаполистің жаңа Бас жоспары талқыланып, қабылданды, деп хабарлайды didarbek.kz. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қаланың жаңа бас жоспарын дайындауда екі жыл бойы жұмыстар жүргізілген. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, ...
Толығырақ »Әйтенов ситуациялық орталықтың қызмет сапасын арттыруды тапсырды
Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында ‘’i-shуmkent” ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды, деп хабарлайды didarbek.kz. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері орталыққа 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. ...
Толығырақ »Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік саясаттың басым бағыты
Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесте: «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап ...
Толығырақ »Шымкент: Реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру шаралары пысықталды
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру және көпқабатты үйлерді сейсмикалық нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жиналыс барысында реновациялауға жатқызылған 6 үйдің орнына жаңа заманауи көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын салу жоспары пысықталды. Бағдарлама шарты бойынша тұрғындарға жаңа көппәтерлі үйден пәтерлер ...
Толығырақ »«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып есептеледі. Түлкібас ауданындағы үлгілі отбасыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Салтанатты іс-шара аудандық мәдениет үйінде өтті. Биылғы ұлттық конкурсқа ауданымыздың барлық округ, кенттерден бас-аяғы 15 жанұя іріктеліп алынды. Осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы арнайы құрылған комиссияның шешімі арқылы анықталды. Нәтижесінде, ұлттық байқаудың жеңімпазы ...
Толығырақ »САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшылары Сағынғал Сая мен Чингельбаева Мақпалды қабылдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың төрағасы А.Әбдіқадіров және аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмурадов арнайы қатысты. Сарапшылар жобаның негізгі мақсаты мен жүзеге асырылу барысын таныстырды. Айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге ...
Толығырақ »Биыл Шымкентте жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға беріледі
Шымкент қаласында жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде, деп хабарлайды didarbek.kz. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылуда. Бүгінгі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждалып, желдеткіш жүйелері орнатылуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыспен танысып, жұмыс барысын пысықтады. Қазір богаждық жүйенің құрылғылары мен лифтілер, эскалаторлар орнатылып, инженерлік желілер құрылуда. Жалпы жобаның орындалуы қазір 85% ға жетті. Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау ...
Толығырақ »БАЛАЛАР ТАНЫМЫ МОЛ САЯХАТ ЖАСАДЫ
«Жаз қызығы-көңілді демалыс» атты жазғы демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-не қарасты Түлкібас аудандық бөлімі, бөлім басшысы Нұрлыбек Тоғысбайұлының бастауымен ұжым болып және 15 үйірме оқушыларымен Түркістан қаласына экскурсиялық саяхат ұйымдастырылды. Экскурсиялық саяхаттың мақсаты: — Түркістан қаласына экскурсиялық танымдық саяхат, қалада орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштермен танысу; — оқушыларға Қ.А.Ясауидің ілімі ұсынылатын ізгілікті ойлары туралы білім ...
Толығырақ »