Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СЕНБІЛІККЕ ДЕПУТАТТАР АТСАЛЫСТЫ

СЕНБІЛІККЕ ДЕПУТАТТАР АТСАЛЫСТЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» тақырыбы шеңберінде Бірінші Мамыр ауыл округінде Төлеби аудандық мәслихат депутаты Исағали Әшірбеков, Төлеби аудандық қоғамдық келісім басшысы Есімхан Айтжанов Тағайна елді мекенінің тұрғындарымен бірге қарттардың ауласын тазалап, көше бойларында, көпшілік жиналатын орындардарда сенбілік жұмыстарын жүргізді. Арық атыздарды күл қоқыстан арылтып, арнайы белгіленген алаңға ағаш, гүл көшеттерін егуге үлестерін қосты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение 6 человек и трава

Сонымен қатар, Алатау ауылдық округінде еріктілер мен тұрғындар еңбек ардагерлері мен жалғызбасты қарт кісілердің үй жайлары мен аулаларын тазалау, сырлау, әктеу, қураған ағаш бұталарын қырқу, шөптердің ору жұмыстарын жүргізді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу