Баршаңызды 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазіргі таңда Түлкібас ауданында 106 мыңнан астам халық болса, соның ішінде 29 өзге этнос өкілдері тату тәтті өмір сүруде.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Баршаларыңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
© Ізгі ниетпен,
Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов