Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚҰРМЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде.
Талай рет тар жол тайғақ кешуден өткен елімізді, тарихтың бұралаң жолдарына кезіккен халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған – ынтымақ пен бірлік.
Бүгінде елімізде 140-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ауданымыздың өзінде бірнеше ұлт өкілдерінің бар екенін ескерсек, тұрғындарының даму тарихы, шаруашылық, экономикалық-әлеуметтік жағынан өсіп өркендеуі, бір үйдің баласындай татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге боларлықтай.
«Іргесі берік елді жау алмас, тілі бір елді дау алмас» деген бабадан жеткен дана сөз бар. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!
Қадірлі жерлестер!
Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға шын жүректен денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!
© Ізгі ниетпен,
аудан әкімі Азизхан ИСМАИЛОВ

Пікір жазу