Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек» деп атап өткендей бұл күн ынтымақ пен бірлікті бағалайтын барша қазақстандықтар үшін айрықша мереке саналады.
Қасиетті Теріскей өңіріндегі созақтықтар қашанда бірлікті бағалап, ынтымақты ұлықтаған. Бүгінде татулығы жарасқан, бірнеше этнос өкілдері ауызбіршілікте өмір сүруде. Осындай ынтымақтың арқасында туған жеріміз жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, өркендеп келеді. Алдымызда да биік арман, нақты мақсатымыз бар. Мұның бәрі көптің тілегі, халықтың берекесінің арқасы екені сөзсіз. Сондықтан ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан осындай береке мен бірлігіміз, біздің бай мұрамыз болып қала берері сөзсіз.
Қадірменді жерлестер!
Еліміздегі халықтар бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Баршаңыздың жанұяларыңызға бақыт, дендеріңізге саулық тілеймін!
© Ізгі ниетпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Пікір жазу