Сіздерді «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымағымыз мәңгі жасай берсін!
Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық!
Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт — береке, бақыт тілеймін!
© Ізгі ниетпен,
Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбек.