Бүгін облыс орталығында кезекті жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпықалалық сенбілік республикалық «Таза Қазақстан» эко- акциясы аясында өткізілді.
Шара барысында 32 тонна қоқыс жиналып, 1000-ға жуық ағаш түбі қопсытылды. Сондай- ақ, 2 шақырым ирригациялық канал тазаланып, 460 дана ағаш, 12000 түп гүл көшеті егілді.
Одан бөлек, 15 шақырым жаяу жүргінші жолы, 4 демалыс аумағы тазаланды. 15 тұрғын үйдің қасбеті әктеліп, сырланып,
жарамсыз шөптері алынды.
Сенбілікке жалпы 300-ге жуық тұрғын атсалысып, 4 техника күші жұмылдырылды.
© Didarbek.kz