Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 438)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

Танымдық әңгіме өткізілді

№3 қалалық емханада өткен жоспарлы тексеру барысында Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмыс орнында және үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ете білу тақырыбында әңгіме өткізді. Емхана қызметкерлері өрттің негізгі себептерімен, өртті байқаған кездегі іс-әрекеттерімен және өрт күзетін шақыру тәртібімен танысты. Әңгіме тіршілік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, халық арасында Тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін ...

Толығырақ »

Шымкентте «Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы өтті

Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен №3 балалар эстетикалық саз мектебінде «Болашаққа бағдар Руxани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай, қалалық қосымша білім беру мектептерінің Дәстүрлі ән » Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы болып өтті. Байқауға қаладағы әр мектептен, оқушылар сарайынан, «Қарақат» мектеп студиосынан он беске тарта оқушылар қатысып, бақ сынасты. Шымкент саз колледж ...

Толығырақ »

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді. Атап айтқанда, қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірқатары жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, жеке кәсіпті ...

Толығырақ »

Е.АЙТАХАНОВ БАС КОНСУЛДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Суды қабылдады. Кездесуге Корея Республикасының бірнеше өкілі де қатысты. Басқосуда екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жайында сөз қозғалды. Оңтүстік Корея әлемде бірнеше сала бойынша көш бастап тұрғанын айтқан қала әкімі Шымкенттің бүгінде ерекше қарқында дамып жатқанын айтты. «Шымкент қаласы өткен жылы республикалық қала мәртебесін алды. ...

Толығырақ »

1000-НАН АСТАМ НЫСАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Қызыл сызық» белгіленді, дегенмен, Шымкент қаласында осы тәртіпті ескермей құрылыс жүргізушілер азаймай тұр. Бүгін қалалық Қоғамдық кеңестің отырысында қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмысы талқыланды. Бұл туралы  «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Шымкенттегі жер беру, қала құрылысы, көркі және сәулеттендіру жұмыстарының барысы. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы ...

Толығырақ »

Б.САПАРБАЕВ «АСАРЛЫҚТАРҒА» РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

Шымкентке келген Қазақстан Республикасы вице — министрі Бердібек Сапарбаевтың жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы «Асар» шағын ауданының тыныс — тіршілігімен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Асар» тұрғындарының аулаларындағы жылыжайларына кіріп, өсіріп отырған өнімдерін өз көзімен көрді. Сондай-ақ, Б.Сапарбаев аталмыш шағын аудандағы 1200 орынды №89 мектеп-лицейіне арнайы ат басын ...

Толығырақ »

Б.САПАРБАЕВ: «БҮГІНГІ ҚОҒАМ БІЛІМДІ ТАЛАП ЕТЕДІ»

Бердібек Сапарбаев шымкенттік жастармен кездесті. Кездесу М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтті. Бердібек Мәшбекұлымен сұхбаттасуға қаланың жас белсенділері, ғалымдары, кәсіпкерлері және спортшылары келді. Сондай-ақ, кездесуге Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты. Студенттер білім, спорт, жастарды қолдау жөнінде мемлекеттік саясат туралы сұрақтар қойды. «Бәсекелестік орта, әсіресе, жастарда болу керек. Биыл жастар жылы. Одан ...

Толығырақ »

АБАЙ ОПЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ

Облыстық опера және балет театрында «Абай» операсы сахналанды. Ауқымы кең спектакль ақынның 175 жылдық мерейтойына арналды. Шығармада ұлы ойшылдың өмір сүрген заманы мен ондағы қоғамдық бейнесі көрініс табады. Театр әртістері осылайша өнер сүйер қауымға керемет туынды ұсынды, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Ұлы ақын Абайдың философиясы, оның поэзиясы, бастысы, ой-елегі мен бүгінгі қоғамды болжауы – мұның ...

Толығырақ »

Шымкентте медицина мамандары медициналық сақтандыру бойынша біліктіліктерін арттыруда

Шымкентте медицина мамандары медициналық сақтандыру бойынша біліктіліктерін арттыруда, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл үшін бүгін 150 медицина маманының қатысуымен жаңа жүйені оқыту бойынша семинар басталды. Семинардың ашылуына Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев және МӘМС бойынша жаттықтырушы Гүлжан Тұрарқызы арнайы қатысты. Семинарға жалпы тәжірибе дәрігерлері, денсаулық сақтау менеджерлері және орта медициналық қызметкерлер ...

Толығырақ »

БРИФИНГ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің жүргізген профилактика нәтижесінде 25 білім беру мекемесінде 166 заң бұзушылық анықталған. Оның 132-сі тікелей басшылық тарапынан, 34-і жоғары тұрған орган тарапынан орын алған. Бұл туралы қалалық білім саласын бақылау департаментінің басшысы баспасөз брифингінде айтты. Департаментке 2019 жылғы 9 ай ішінде заңды және жеке тұлғалардан 50 өтініш келіп түскен. Бір ғана әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 217 ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көптеген шаралар өткізілуде. Соның бірі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен кездесті. Кездесу  – болашақ дәрігерлерге сыбайлас жемқорлықты қабылдамау бағытында бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізу  бағытында болды. Іс-шарада студенттерге парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылды. ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белгіленген Мемлекеттік 505 мың теңге грант иелері марапатталды. Бұл туралы Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақапараттық агенттігі хабарлайды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы арнайы құттықтады. Мемлекет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік — техникалық мамандарды ...

Толығырақ »

Шымкентте полицейлер жоғалған сегіз жасар баланы тапты

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ағымдағы жылдың 22 қазанында сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің кезекші 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері кешкі сағат 18:00-де бала аулаға шығып, үйіне оралмағанын анықтады. Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы баланы іздестіруге тартылды. Іздеушілерге көршілер ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ БІРҚАТАР МЕКМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Іс-сапардың алғашқы қадамын «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің ашылу рәсімінен бастады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды. Айта кетейік, «Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — мемлекеттік мекеме) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз ...

Толығырақ »

Шымкентте «Адалдық жолында» кезекті бірлескен рейді өтті

Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты кезекті бірлескен рейді өтті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шараға «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері ...

Толығырақ »

Шымкент: тігін фабрикасының ғимаратында өрт-тактикалық сабақ өтті

«Томирис» тігін фабрикасының ғимаратында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық сабақ өтті. Осындай іс-шаралар барысында өрт сөндіру қатысушыларында қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалау, барлау жүргізу, қарсы алуды ұйымдастыру және күштер мен құралдарды орналастыру дағдылары пысықталады. Сабақ жоспарына сәйкес, өрт айналмалы тоқыма цехында пайда болды, оның алаңы 30 м2. Тігін фабрикасының әкімшілігі өрт кезінде эвакуациялау жоспары мен нұсқауына сәйкес әрекет етеді — негізгі ...

Толығырақ »

Б.САПАРБАЕВ ШЫМКЕНТТІК ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Үкіметтік жұмысшы топ іс-сапарын Шымкенттегі қоғам өкілдерімен кездесті. Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевпен бірге Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Ү.Бисақаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин, сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов қатысты. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ МЕН БІЛІМ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚР Президентінің халыққа Жолдауы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Мәртебелі қонақтар алдымен №65 мектеп-гимназияда ұстаздармен кездесті, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Т.Қасымовтың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. – Мемлекет басшысының білім саласын дамытудағы басты мақсаттар мен міндеттерді белгілеп берді. Қазір білім саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы дайындалуда. ...

Толығырақ »

ЖАТТЫҒУ ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

«GOLDALUMINIUM&PLASTICCO.KAZAKHSTAN» ЖШС алюминий зауытында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Жаттығудың мақсаты Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының өндірістік нысандарда өртті сөндіру бойынша тәжірибелік дағдыларын пысықтау болып табылады. Алюминий профильдерін әзірлейтін бұл кәсіпорын Индустрияландыру картасының аясында 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі кезде бұл жерде тұрақты түрде 50-ге жуық адам еңбек етеді. Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, алюмин балқытатын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Шымкентке іс-сапармен келді. Д.Нұрашұлы алдымен ҚМДБ қарасты орталық мешітке ат басын бұрып, қала имамдарының жұмысымен танысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі М.Кенжебайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. – Шымкент қаласында 104 мешіт бар. 68 имамға ресми жалақы тағайындалған. Орталық мешітімізге 5 мың адам сыяды. Мұнда келушілерге толық жағдай жасалған. ...

Толығырақ »

Шымкент қаласына Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы келді

Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиал басшыларымен, Одақ мүшелерімен кездескен жиында бірқатар мәселе талқыланды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ал БАҚ өкілдерінің басқосуына қатысқан «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов бүгінде журналист-блогерлермен тығыз байланыста түрлі бастамалардың қолға алынғанын айтты. Б.Нарымбетов ...

Толығырақ »

СЕЙІТҚАЗЫ МАТАЕВ – ШЫМКЕНТТЕ

Бүгін Шымкент қаласына Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев келіп, Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиал басшыларымен, Одақ мүшелерімен кездесті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. – Журналистикада мемлекеттік қызмет немесе жекеменшік деген түсінік болмайды. Біз елдікті ту еткен саланың адамы болғандықтан, кейде түрлі қиын жағдайды да бастан кешеміз. Дегенмен, сол сын ...

Толығырақ »

КЕЛЕСІ ЖЫЛДАН БАСТАП ҰСТАЗДАРДЫҢ АЙЛЫҒЫН 25 ПАЙЫЗҒА КӨТЕРУ КӨЗДЕЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша бүгін Премьер -Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев және білім және ғылым министрі А.Айтмағанбетов Шымкент қаласына келді. Ақпараттық топ қаладағы №65 мектеп -гимназиясына ат басын бұрып, Жолдауда айтылып өткен, білім сапасын жақсарту жолында қабылданатын заңдар мен әлеуметтік ынталандыру бойынша жаңалықтар жөнінде пікір алмасты. – Мемлекет басшысы Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ

Үшінші мегаполисте «Жоғары білім берудегі интернациолизация және инновация» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция басталды, деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Жаппардың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Б.Парманов шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мерейтой иелерін құттықтап, құрмет көрсетті. Халықаралық жиында Ауғанстан Ислам Республикасының консулы, Түркия, Австрия, Украина, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарының ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Шымкент қаласында әлеуметтік желідегі коммуникациялық менеджмент бағытында семинар — тренинг өтті. Шымкент қалалық полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың 23 қазанында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында өткен семинар — тренингке қатысып, білімдерін шыңдады. Мұндағы мақсат — полиция қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жандандыру, әлеуметтік желілер арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етуді жүзеге асыру. ...

Толығырақ »