Ғани Ергешов 1923 жылдың 12 мамырында дүниеге келген.
1941 жылдың 22 маусымында соғыс басталған бойда Ғани қызыл әскер қатарына алынады. Оны алдымен Фрунзе қаласындағы жаяу әскерлер училищесіне оқуға жіберді. Мұнда оқытудың жеделдетілген курсынан өткен соң 1941 жылдың қазан айында әскери ант қабылдады. Ал, 1942 жылы Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Шайқас кезінде Ғани Ергешов ауыр жарақат алып, госпиталға түсті.
Ол туған елге 1947 жылы оралды. Соғыстан келген Ғани жаңаша өмірін бастады. Жұмысқа тұрды, үйленді, үй тұрғызды. Ол Шымкенттегі қорғасын зауытында елу жылға жуық жұмыс істеді. Соғыс және еңбек ардагерін ұжымдастары зор құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды.
Бұдан кейін де Ғани аға қол қусырып отырған жоқ. Темір жол саласында жол серігі болып 12 жылдай қызмет атқарды. Бүгінде ол немерелері мен шөберелерінің тәрбиесімен айналысуда.
Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парыз.