Түркістан облысында короновирус инфекциясын жұқтырған 6 азамат туралы ақпарат жарияланды.
(04.05.20 жылғы сағат 12:40-тағы мәлімет бойынша) COVID-19 инфекциясын жұқтырған Түркістан қаласының 1974 жылғы, 1980 ж жылғы, 1986 жылғы, 1981 жылғы және 1978 жылғы тұрғындары анықталып, тіркелді.
Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Кентау қаласының 1981 жылғы тұрғынының да сынамасы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.
Қазіргі таңда, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
04.05.20 ж. сағат 12:40-тағы жағдай бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 137-ге жетті.
Айта кетейік, 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында 3 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста індеттен айыққандар саны 52-ге жетті.
© DIDARBEK.kz