Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайдан жапа шеккендерге Шардара ауданы көмек көрсетуде, деп жазады Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтың тапсырмасы бойынша, су тасқыныннан жапа шеккен тұрғындарды көшіру үшін, Шардара ауданына 5 эвакуациялық орын дайындауға тапсырма берілген.
Қазіргі таңда, аудан тарапынан дайындаған 5 эвакуациялық орынның, 4 эвакуациялық орынына тасқыннан жапа шеккен тұрғындар орналастырылды. Сондай-ақ, қауіпсіз жерге орналастырылған тұрғындардың жағдайымен танысу үшін, Атакент кентінде даярланған №5 Мақтарал мектеп — гимназиясындағы орынға, облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов келді.
Эвакуциялық орындарда жатқан тұрғындарды медициналық тексеруден өткізу, коронавирустан сақтану шараларын жүргізу, жатақ орынмен және тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарының атқарылуымен танысты. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тұрғындармен кездесіп, өңірде орын алған төтенше жағдай зардаптары мен алдын-алу шаралары жөнінде егжей — тегжейлі түсіндіріп өтті.
© DIDARBEK.kz