ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ШАМИЛЬ ТАГИЕВ
1943 жылдың соңында 17 жасар Шамиль Тагиев майданға шақырылған. Курс маңында 6 ай соғысқа дайындалған. Алты айдан соң Днепр маңына майданға аттанған.
Ол жерде 25-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында миномет бөлімінде дәлдеуші болған.
1944 жылдың соңында жарақат алып, Киев қаласында госпитальге түскен. 3 ай емделіп, тағы да майданға аттанған.
Бұл жолы Венгрия және Румыния жерлерін азат ету шайқасына қатысқан. Осы шайқаста қолынан жарақат алып, Тбилиси қаласына госпитальге түскен. 1945 жылдың соңында ауылға оралған.
І-дәрежелі Ұлы Отан Соғысы орденімен, «Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 20 жылдық» медалімен, «Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 30 жылдық» медалімен; «Ұлы Отан Соғысы жеңісінін 40 жылдық» медалімен, «Ұлы Отан Соғысы женісінің 50 жылдық» медалімен «КСРО Қарулы күштерінің 60 жылдығы» медалімен, «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталған. Созақ ауданының Құрметті азаматы.
Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету азаматтық парыз.
© DIDARBEK.kz