Арыс қаласында ауқымды дезинфекция жұмыстары жалғасуда, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Арыс қаласында адам көп шоғырланған орындарда кестеге сәйкес дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұл коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізілуде. Әлеуметтік нысандарды, базарларды, сауда орталықтарын, тротуарларды, үй іші аумақтарын, кіреберістерді және басқа да адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінуде.
Залалсыздандыру жұмыстарын әскерилер мен залалсыздандыру мамандары жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы киімдері мен арнайы шашушы құралдарымен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады.
Сонымен қатар, өз кезегінде қала тұрғындарының үйде қалып, карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі де мамандар тарапынан жете түсінідірілуде.
Талаптарды сақтай отырып, біз бәріміз осы қиын кезеңді бірге жеңіп шығамыз.
© DIDARBEK.kz