Ұлы Отан соғысының ардегері Атажанов Қадыр Салжанұлы 1925 жылы Шымкент қаласында туған. Совет Армиясы қатарына 1942 жылы шақырылып, Ашхабад қаласында әскери даярлықтан өтеді. Ол мұнда 18-ші округтік мергендер мектебінде оқиды. Алғашқы шайқасқа 1-ші Украин майданында қатысады.
Қадыр Салжанұлы 179-шы дивизияның 514-ші полкында взвод командирі, аға сержант болып қызмет етті. Ұрыс алаңдарын минадан тазарту және миналау жұмыстарымен айналысты. Луцк, Торчин, Владимир қалаларын азат ету жолындағы әскери ұрыстарға қатысты. Дивизия құрамында Прагаға дейін барып, Жеңіс күнін сол елде қарсы алды. Тұрақты армия қатарында 1948 жылға дейін болды.
Әскерден босағаннан кейін темір жол саласына жұмысқа тұрды.
Зейнеткерлікке шыққанша Шымкент стансасында кондуктор болып қызмет атқарды. Бүгінде ардагердің сегіз баласы, 27 немересі, 8 шөбересі бар.
Ұлы Отан соғысы зұлматты жылдары асқан табандылық, жанкештi ерлiк пен еңбек үлгiсi бола бiлген ардагерлерге құрмет көрсету — азаматтық парыз.