Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Тағылым » ҰОС АРДАГЕРІ: АБЫЛАЙ ҚАЗЫБАЕВ

ҰОС АРДАГЕРІ: АБЫЛАЙ ҚАЗЫБАЕВ

На изображении может находиться: 1 человек, часть тела крупным планом

Абылай Қазыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысының Қайнарбұлақ ауылында 1925 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, Ташкент қаласында әскери дайындықтан өтті.

219-шы дивизияның 2-ші гвардиялық полкі құрамында Харьков, Ворошилов қалалары түбіндегі ұрыстарға қатысты. 4-Украин, 3-ші Белорус майдандарына қатысып, Севастополь қаласын, Латвия, Литваны азат етіп, Кенигсберг арқылы Берлинге дейін барып қайтты. Жеңістен соң 1946-1950 жылдары Пушкин, Ленинград, Москва және басқа да қалаларды минадан тазартты. 1950 жылы елге оралып, Шымкент қаласындағы СМУ-4, Қорғасын зауытында, ТЭЦ-2 кәсіпорындарында жұмыс істеді.

Соғыс кезінде «Қызыл Жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы», кейін «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Жауынгерлік қызметі үшін» және басқа көптеген медальдармен марапатталды.

Әрбір қазақстандық үшін 9-мамыр Жеңіс күні ерекше мерекелердің бірі болып табылады. Өйткені, бұл мерекеде талай жанның қаны, қаншама жанның жан жарасы жатыр. Қан майданда Отан үшін жанын оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашанда ұмытылмақ емес.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу