Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 492)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

ДҰРЫС ТАҢДАУ

Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды.  Жиында Мәулен ...

Толығырақ »

МУЗЕЙ ТАРИХЫНАН КӨРМЕ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласы,  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кітапхана бөлмесінде «Архив музей хақында» тұрақты көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты — музей архивінде сақтаулы құжаттар мен фотосуреттерді жұртшылыққа насихаттау, әрбір құжат тарихынан ақпарат беру. Шараға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері мен  Ясауидің тарихын зерттеуші, шежіреші түркиялық қонақтар мен  қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. ...

Толығырақ »

ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЖОЛЫМЕН…

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Кітапхана – Заманауи Білім орталығы» жобасы аясында Шымкент қаласындағы Күлия Айдарбекова басқарып отырған «Отырар» өңірлік әмбебап ғылыми кітапханасында «коворкинг» орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, оқырмандарды орталықтың ашылуымен құттықтап, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысып, бірлесе жұмыс жасай алатындары туралы айтып өтті.  Соңғы технологиямен жабдықталған орталықта ...

Толығырақ »

«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының үшінші кезеңі өтуде. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық экспедициясы эстафетасын Жамбыл облысынан Түркістан облысына қабылдап алу рәсімі өтті. Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, ...

Толығырақ »

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Шымкентке «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев іс-сапармен келді. Мәулен Сағатханұлы алдымен «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг орталығына барды. Одан кейін Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған  №37 «Айгерім» балабақшасының жұмысымен танысты. Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясына арнайы қатысты. Конференцияда ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ АСТЫҚ ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған  ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» ...

Толығырақ »

ТЫНЫШБАЕВ САЛДЫРҒАН ТУННЕЛЬГЕ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысында М.Тынышпаев салдырған туннельге тақта оннатылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылының тұсында 1 ғасырдан аса тарихы бар теміржол туннелі бар. Онда көрнекті Алаш қайраткері, тұңғыш қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың қолтаңбасы қалған. Деректерге сүйенсек, Мұхамеджан Тынышбаев 1915-1916 жылдардағы қиын-қыстау заманда туннельді салуға өлшеусіз үлес қосқан. Алаш қайраткерінің басшылығымен Ресейдің теміржол құрылысшылары ...

Толығырақ »

ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Түркістан қаласының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Серт ауылында орын тепкен Үкаша ата кесенесі мен құдығы исі мұсылман баласына түрлі аңыз-әңгімелер мен қасиеті арқылы мәлім. Жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғайып келеді. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де ынталы. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ...

Толығырақ »

СОЛТҮСТІКТІ ТАҢДАЙТЫН ТҮЛЕКТЕРГЕ 6 МЫҢДАЙ ГРАНТ БӨЛІНДІ

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті екендігі айтылады. Осыған орай, ҚР Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары — индустрияға!» («Серпін») атты жобасын ұсынған болатын. Жалпы бағдарлама басталғалы бері 4 жылда Түркістан облысы бойынша жоғары оқу орындарында – 6490, колледждерде – 1938 жас білім алуда. Демек, бағдарлама аясында білім алып жатқан ...

Толығырақ »

Түркістан облысында Аумақтық қорғаныстың арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түркістан облысының орталығындағы 74884 әскери бөлімінің оқу полигонының базасында аумақтық қорғаныс бөлімшесінің жергілікті әкімдіктің, ұйымдардың, қызметтік мекемелердің қатысуымен сапалы жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындық мақсатында арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Далалық лагерде өткен арнайы-тактикалық оқу жаттығуына Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің Аумақтық қорғаныс Бас басқармасының әскерилері жетекшілік етті. Бұл шараның өтуіне Түркістан облыстық ішкі істер басқармасының арнайы тобы, «Күзет» мамандандырылған күзет қызметі, жергілікті полиция ...

Толығырақ »

ШАРДАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Өңіріміз жоғары туристік потенциалға ие. Сол мүмкіндікті пайдалана алмай келеміз. Осы саланы көтеру мақсатында тиісті нақты шараларды қолға алуымыз керек. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм саласының өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді. Басқосуға облыстық басқарма басшылары, туристік агенттік пен тарихи, мәдени орталық жетекшілері және қолөнер шеберлері қатысып, аталған саланы дамыту жайында ұсыныс пікірлерін білдірді. Жиынға төрағалық еткен аймақ ...

Толығырақ »

Түркиядан қос бірдей ақжолтай жаңалық!

Түркістан облысынан Түркия Республикасына аттанған өнерпаздардан қос бірдей қуанышты хабар жетті. Таяуда Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен XXXII «Алтын Қаракөз» Халықаралық би фестивалінде 23 мемлекеттің ішінен еліміздің намысын қорғап барған Түркістан облысының «Фараб» би ансамблі топ жарды. «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие болған бишілер тобы жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін фестиваль лауреаты атанып, Түркияның Инегел қаласында өткен Мәдениет және ...

Толығырақ »

ҚҰТТЫБЕКТІҢ ҚҰТТЫ ҚАДАМДАРЫ

Түркістан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәлімдеуінше, Түркістан облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы аумағы — 18,6 мың шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер 2019  жылы пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырысы бойынша 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 ...

Толығырақ »

Шымкентте арендалы көпқабатты үйлер бақылауда болмақ

Шымшаһардағы жаңадан салынып жатқан арендалы көпқабатты үйлерді жаңа кәсіпорын өз бақылауына алмақ. Бұл туралы қала әкімдігінің халықтық кеңсесінде өткен семинарда «Шымкент тұрғын үй қызмет» ЖШС директоры Әбдімәлік Балбаев мәлімдеді. Жиын «Кондоминиум нысанын басқарудағы ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық және энергия сақтау аспектілері, сонымен бірге көп пәтерлі тұрғын үйлерде интелектуалды басқару жүйесін қолдану» тақырыбында өтті. Директордың айтуынша, аталған мекеме алдағы уақытта қала әкімдігі ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды.  ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ж.Қ.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы ретінде ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Мақтаарал ауданының әкімі тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, сонымен бірге меритократия қағидаты аясында Мақтааралдың әкімі қызметін Бахыт Нәсірханұлы Асанов өз міндетіне алды.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жиында бірінші басшыны аудан активіне таныстырған аймақ басшысы мақталы өлкеде алдағы уақытта атқарылар істің көптігіне тоқталып, шекаралық аудандағы ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгін Түркістан облысының Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметке Ақментай Есбаев кірісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа әкімді жаңадан құрылған аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ХУБЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясынан келген делегациямен кездесті. Хубэй провинциясының Халық өкілдері жиналысы жанындағы тұрақты комитеті директорының орынбасары Ван Лингпен болған жүздесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, 2017 жыл «ҚР-дағы ҚХР-дің туризм жылы» болып жарияланды. Осы ...

Толығырақ »

ТҰРБЕКОВТІҢ ТІРЛІГІ ТУРА

2018 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 миллиард теңгеге артты. Бұл туралы Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков баяндап берді. Серік Ордабекұлының айтуынша, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 4686,4 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34%-ды құрады.  Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ...

Толығырақ »

Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады

Түркістан облысына қарасты Ордабасыда сазан балығын өсіру қолға алынды. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер «Сайып ата» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫННЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Түркістан облысындағы 69 медициналық ұйым бүгінгі күні 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Ал осы аталған медициналық ұйымның жартысы ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылған. Жыл соңына дейін қалған 10 медициналық мекеме ақпараттық жүйемен толықтай қамтылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мәлім етті. Облыс басшысының айтуынша, интернет желісімен аудан деңгейіне дейінгі елді мекендер 100 пайыз қамтылған болса, ...

Толығырақ »

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі ...

Толығырақ »

БИЫЛ ОТЫРАРДЫҢ 54 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Отырар ауданындағы 22 елді мекенге көгілдір отын тартылады. Нәтижесінде 2 мың отбасы, яғни аудан халқының шамамен 80 пайызы табиғи газбен қамтылатын болады. Келесі жылы тағы 7 ауыл от жағып, күл шығарудан арылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауданға жасаған сапары кезінде мәлімдеді. Аудан тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы газдандыру мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап өтті. Қазіргі ...

Толығырақ »

Тарихы терең Отырар

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. «Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ XV ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН КАРТА КӨШІРМЕСІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында ерекше оқиға болды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолының картасын салтанатты түрде тапсырды. Бұл құжат XV ғасырда салынған. Картаның тарихы туралы Х.Әбжанов «Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өтті. Оған Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Линь Мэйцунь де қатысты. Біздің тарихымызды тыңдап,  ...

Толығырақ »