Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 32)

Көкейтесті

КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы Алирез Рашидиан бастаған делегацияны қабылдады. Аймақ басшысы шетелдік қонақтарды Оңтүстіктің инвестициялық әлеуетімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, әкім Оңтүстік пен Иран провинциялары арасында, оның ішінде Хорасан Разави аймағымен өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланысты арттырудың мол мүмкіндігі бар екенін атап өтті. «Сізбен кездесіп отырғаныма және ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВА

Талантты ақын Түркиядағы, Ташкенттегі халықаралық ақындар айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. Арқалы ақынның «Алладан пәрмен сұраған» (1999), «Басыңды тікпей бақ қайда?» (2001), «Әселхан әлемі» (2008), «Сырттап кеткен тамырлар» (2004) кітаптары жарық көрген. Әселхан Әлішерқызы 22-cәуір 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Көксарай ауылында дүниеге келген. «Сыр бойының сүлейі» атанған Ергөбек Құттыбайұлының немересі. Әселхан ұзақ жыл Шәуілдір ауылындағы метеорология станциясының метеорологы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ТӨРЕБЕК БАЙТАСОВ

Төребек Төрекелдіұлының облыстық, республикалық газеттерге мақалалары жиі шығып тұрады. Әсіресе мәдени, рухани бағытта жиі қалам тербейді. Телехабарлары да осы бағытта. Поэзияға қызығады, бір топ өлеңдері жинақталған. Төребек Төрекелдіұлы 1987 жылы 27 тамызда ОҚО, Шымкент қаласында туған. 2004 жылы Шымкент қаласындағы техникалық лицейді тәмамдайды. 2005-2009 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «журналистика» факультетін оқиды, 2009-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-ң «филология» факультетінің магистрі ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауына дайындық жұмыстары Конституциялық заңның талаптарына сай кезең-кезеңімен атқарылуда. Облыстық сайлау комиссиясы тағайындаған саяси іс-шара 2017 жылғы 29 қазан күні өтеді. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, мәслихат депутаттығына барлығы 42 үміткер ұсынылған, оның ішінде 38 үміткер тіркеліп отыр. Қалған 4 ...

Толығырақ »

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік үш күндік семинар басталды. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облыстық басқармалар мен ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысуда. Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?

«Ауыл» ХДПП ОҚО филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастарға түсіндіру бағытында кездесу өтті. Кездесуге аудан, қалалардан жастар, «Интеллект» инкубатор қоғамдық қорының төрағасы, Қазақстанға белгілі блогер Нұрлан Жанай және Кітап клубтарының үйлестірушісі Мәулен Жанболат қатысты. Бағдарламалық мақалада «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы ...

Толығырақ »

КЕНТАУ ЖАСТАРЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДІ ҚОЛДАЙДЫ!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшу бастамасына қолдау білдіру мақсатында Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Латын алфавитінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еліміздің барлық аймақтарында қызу қолдау тауып жатқан латын графикасына өту мәселесіне қоғамның кез-келген ортасы өз ойларын қосуға асық. Бұл орайда, кеншілер қаласының өскелең ұрпағы да шет қала алмады. ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ДАМЫТУ

  «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында республикалық конференция өтті. Шара «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және Түркістан қалалық мәслихатымен бірлесе ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ө.Озғанбаев, белгілі ақын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бегманов, ҚР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі М.Абишев, Облыстық мәслихат депутаты Б.Сулейменов, Әл-Фараби ...

Толығырақ »

ОҚ ӨТПЕС, ҚЫЛЫШ КЕСПЕС – ҮКАША АТА

Үкаша атаға қатысты тарих пен аңыздан бұрын бабамыз Мұхаммед Пайғамбардың өзіне жақын сахабаларының бірі болған Үкаша атаның тарихтағы алатын орнынан бұрын, бұл кісінің кім екеніне тоқталып кетсек. Үкаша ата Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабаларының бірі болған. Яғни, Пайғамбарымыздың замандасы болып, оның көзі тірі кезінде бірге ислам дінін қабылдаған жандардың бірі. Пайғамбарымызбен бір жорықтан келе жатып, Үкаша ата мүбәрак қолын сүймек болып Пайғамбардың ...

Толығырақ »

2200 жылдық тарихы бар Шымкент

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шыққанына жарты жылдан асса, осы алты айдың ішінде елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Көптеген тың бастамалар, ұлағатты істер Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Облыс орталығы Шымкент қаласының күніне орай шаһарда күн сайын маңызды жиындар, қызықты шаралар өтуде. Солардың бірі, бірегей археологиялық нысан «Шымкент» көне қалашығында қазба жұмыстарының басталғанына бір айға жуықтады. ...

Толығырақ »

МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

«Қарттарды қадірлейік». Шымкенттегі арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығында осындай атаумен 1 қазан қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара өтті. Бұл күні осында әлеуметтік қызмет алып жатқан 250-дей қартқа арналып кең дастархан жайылды. Сала басшысы бастаған атқамінерлер қазыналы қарияларды құттықтап, тарту-таралғы жасады. Концерттік бағдарламаға ұласқан бұл кеш ата-әжейлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жергілікті өнерпаздар алдыңғы буын өкілдерінің көңілін аулап, әуезді әннен шашу ...

Толығырақ »

6000 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 116 көпқабатты үй яғни 6000 пәтер пайдалануға беріледі. Ал, жалпы өңірде 263 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттен 108 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 61-і жыл соңына дейін тапсырылады. Ұлттық компаниялар есебінен 45 ...

Толығырақ »

200 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН…

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында биылғы жылы 20 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Осының бірі құс етін өндіретін «Ленгер құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. 20 мүшенің басын қосатын ауылшаруашылығы кооперативіне біріккен құс фермасының құрылысы аяқталуға жақын. Жыл аяғына дейін іске қосылатын нысанда жылына 200 тоннаға дейін құс еті өндірілетін болады. Бүгінде кәсіпорын ғимаратына жаңа құрал-жабдықтар әкелініп, орнатылуда. Су жаңа құрал-жабдық ...

Толығырақ »

ЖАҢА БАҒДАРЛАМА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша ең белсенді облыстардың бірі. Сондықтан да мұнда кәсібін іске асыруға ниетті адамдар көп, бірақ көбінесе олардың өз бизнесін жасауға мүмкіншілігі жетпей жатады. Ең бірінші себеп – бұл кепіл мүлкінің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі. Осы мәселені шешу мақсатында «Оңтүстік» инвестициялық орталығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келіссөз жүргізіп, «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарламаны іске асырмақ. Бағдарламаның басты ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АЛИШЕР САТВАЛДИЕВ

Алишер Гапиржанұлы – «Жанубий Қозоғистон»  облыстық қоғамдық-саяси  газетінің директор-бас редакторы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өзбек жастарының жетекшісі, белсенді азамат Алишер Сатвалдиев өзінің еңбек жолын «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалында есепке тіркеу секторының меңгерушісі ретінде бастағанымен, оған дейінгі мектеп кезі мен студентшағында да жастар саясатын жүргізудің озық үлгісін көрсетіп, белсенділігімен көзге түскен болатын. Ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ университетінде оқып жүріп, студенттік өзін-өзі басқару ұйымында студенттік ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ

1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде. Екі жоғары білімі бар: Тимирязев К.А. атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында «Ғалым агроном» мамандығына оқыса, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Заңгер» мамандығына оқыған. Қарабеков Ғани көпбалалы отбасында дүниеге келген, 11 баланың 9-сы. Қарабеков Ғанидың еңбек жолы 12 жасында Қ.Мұңайтпасов атындағы №2 х/с бөлімінде тракторшы ретінде бастады. Төзімділігі, еңбекқорлығы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АЛТЫНСАРЫ ҮМБЕТӘЛИЕВ

Алтынсары Үмбетәлиев – экономика ғылымдарының докторы, профессор. Алтынсары Дүйсенбекұлы ОҚО-дағы кірістер департаментіне басшы болып келгелі, көлеңкелі экономикаға қарсы, салық-кеден бойынша бірнеше нақты шаралар атқарылып, оң нәтиже көрсетіліп жатыр. Бұл да болса, білікті маман, экономика саласының білгірі А.Үмбетәлиевтің арқасы. Ол тек экономиканы емес, заң ілімін, инженер-механика саласын оқыған, жан-жақты азамат. Ол 1958 жылдың 13-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ӘБДІБАҚЫТ МАҚҰЛБАЕВ

Әбдібақыт Тіллабайұлы облыстың экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан азамат. Қаланың инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізіп, жол да жақсарып, бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткен. Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейі жоғарылағаннан-ақ Әбдібақыт Тіллабайұлының атқарған жұмыстарының жемісін көруге болады. Бір сөзбен айтқанда әкім болып келгелі шағын шаһардың шырайы кіре бастады. Ол 1961 жылдың 29-қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында  дүниеге келген. 1983 жылы ...

Толығырақ »

36 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН

Биылғы сегіз айда «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микро қаржы ұйымы бірлесе 5 868,5 млн теңгені құрайтын 2 096 жобаға несие берген. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре мәлімдеді. Төрағаның мәліметі бойынша, қаржыландырған жобалар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 43,5 пайызға артқан. Ал қаржыландыру сомасы 20,5 ...

Толығырақ »

АРНАЙЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕХАНИЗМІ

Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтерді құру жұмыстарын жеңілдету және дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Мұнан бөлек, кооперативтерді құру және қаржыландыру бойынша 14 ауданда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға, ал жеңілдетілген төлем мерзімі 24 айға дейін беріледі. Сонымен қоса кооперативтерге лизинг ұсыну бойынша бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтатын болсақ, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни коперативтерден кепілдеме ...

Толығырақ »

КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР КЕМИ ТҮСТІ

Жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар да азайып отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, ОҚО-да 2017 жылғы жылыту маусымында улы газбен уланудың 24 оқиғасы тіркелді. «2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында исі газымен уланудың 24 оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 46 адам зардап шекті, оның ішінде 11-і қайтыс болды. Өткен жылмен салыстырғанда ...

Толығырақ »

ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында суға шомылу және жылыту маусымындағы оқыс оқиғалар саны өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда азайды. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиналысында облыстық төтенше жағдай департаментінің өкілдері мәлімдеді. Брифингте сөз алған департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтың айтуынша, департамент пен жергілікті полиция қызметкерлерінің жұмыла жұмыс атқаруы оң нәтиже беріп отыр. «Жыл басынан бері суға ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ

Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген.  Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда. Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам. Еңбек жолын 1992 ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БЕЙБІТ БЕРТАЕВ

Суретші-кескіндемеші, фотосуретші — Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында 1987 жылдың 1-мамыр айында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағын ОҚО Түлкібас ауданының Шақпақ баба елді мекенінде өткізді. Тылсым табиғаттың сұлулығына қызыққан оқушы кезінде болашақта суретші болуға бел байлаған. Аңсаған арманына жету үшін тау-тасты қағаз бетіне бейнелеп, сабақ үстінде мұғалімнің портреттік бейнесінде салуға қызықты. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Бейнелеу ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР

Бақытжан Алдияр – ақын. Халықтық, қазақы ұлттық көркемдік уыздың қайнарларынан бастау алатын Бақытжандық тіл, Алдиярлық діл – ақынның айрықшылығы. Мархабат Байғұт: «Ең алдымен, Бақытжан – бәріміздің үнемі бір бүйіріміз бұрып тұратын кәдімгі нағыз қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады», – деп Бақытжан ақынның шығармашылығы ...

Толығырақ »