Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АУЫЛ КООПЕРАТИВКЕ БІРІКТІ

АУЫЛ КООПЕРАТИВКЕ БІРІКТІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында түйе шаруашылығымен айналысатын Дермене және Жиделі атты екі ауылдық округ бар. Соның бірі 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені деп айтылатын ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Осы ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға тасымалдануда.

Бүгінде шұбат өнімін көбейтіп, табыс көзін арттыруды көздеген шаруалар «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп отыр. Өндірістік кооператив түйе сүтін өндірумен айналысады.

Мұнда күніне 1500 тоннаға дейін шұбат өндіріледі. Олар бөтелкелерге құйылып дайын шұбат өнімі Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Бұл қожалықта сауынды сексен түйе бар. Күніне 1000 литрге жуық шұбат алады. Мұнда он адам еңбек етіп, нәпақасын тауып келеді. Аталған кооператив алдағы уақытта түйе санын көбейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.

Жантағы мол түйе өсіруге өте қолайлы елді мекендегі түйелердің көбі бір өркешті. Ойсылқараның бұл тұқымы сүтті әрі етті келеді екен.

Арыс қаласы бойынша осы жылы 239 мүшесі бар 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылғанын айтқан қала әкімі Мұрат Қадырбек кооперативке біріккен шаруаларға бүгінде мемлекеттің көмегімен субсидия бөлініп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, әкім шұбат өндіруде потенциялы жоғары кооперативке алдағы уақытта модульдік сүт қабылдау бекетін кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілетінін айтты. Яғни, әр бекет құнының 50 пайызын (2,5 млн. теңге) субсидия ретінде мемлекет төлейді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу