Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЕЛ ЕСІНДЕ НЕСІМЕН ҚАЛДЫ?

ЕЛ ЕСІНДЕ НЕСІМЕН ҚАЛДЫ?

Біздің ауылдан 2 шақырымдай қашықтықта Жамбыл ауылы бар. Колхоздағылар ол бөлімшені «Тоқболат ауылы» деп те атап кеткен. Себебі, түсінікті шығар? Ондағы тұрғындардың 90 пайызы Қоңыраттың Тоқболат ұрпағынан тарағандар.

Соңғы жылдары Мырзашөліме барған сайын, ауылда «Тоқболаттағы пәленше «тойота камри – 50» деген қымбат мәшине алыпты. Ал, оның ағасы су жаңа «Беларусь – 80» тракторын мінді. Оның бергі бетіндегі көршісі түгенше үйін сүріп тастап, қаланың үрдісімен екі қабатты зәулім үй салып жатыр» деген сарындағы әңгімелерді жиі еститін болдым. «Кеше ғана соның бәрі трактордың астында май-май болып жүр еді. Соншама дүние қайдан бітті» деп қояды енді бірі.

Үлкендердің айтуынша, жамбылдықтар ерте көктемде сығаланып күн көзі көрінгеннен, өз көзін тырнап ашып, қолына кетпенін алып жер ананы егінге дайындайды екен. Егетіні – Мырзашөлдің қауыны. Ал, жаз айлары келе қауын піскенде еткен еңбек, төккен тер еселеніп қайтатын көрінеді.

Бір қызығы, әлгінде ауылдастар айтқан ағайындылар бірігіп, тірлік қылады екен. Бірлік бар жерде ырыс пен берекенің де болары бұрыннан баршаңызға аян да. Мұны отбасылық кәсіп дейді! Сол отбасылық кәсіпті жақсы меңгерген жамбылдықтар тек үй-жайын, ауласын ғана емес, ауылын да гүлдендіріп жатыр екен. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының да түрік жерінен көріп келген отбасылық кәсібі осы болса керек-ті. «Отбасылық кәсіпті өзімізде жүзеге асырсақ» дейді. Құп дегемегенде не дейсің? Түсіне білгенге жұмыссыздықпен көресудің тиімді жолы осы!

Өз еңбегің, өз бейнетің өз қолыңда. Жалақыға телмірмейсің. Ал, етпесең өзіңнен көр. Жүргенің сол ез болып…

Арай Есенбек

Пікір жазу