Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 ауылдық елді мекен халқының 73 пайызы ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, қалалық елді мекеннің 93,1 пайыз жұрты орталықтандырылған су жүйелеріне қол жеткізген. Атқарылған жұмыстарға қаныққан өңір басшысы ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды жүйелеп, бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына мән беруді тапсырды.

«Біздің мақсатымыз – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Республика бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтуда 4-ші орында тұрмыз деп тоқмейілсуге болмайды. Облыс көлемінде ауыз сумен қамтылуы жағынан ең төменгі көрсеткіш Арыс қаласы мен Сарыағаш, Шардара аудандарында орын алып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру қажет. Ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстарды тиісті сала басшыларына жүйелеуді тапсырамын», – деді Ж. Түймебаев.

Жиында сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы Н.Дербісовтің баяндамасы тыңдалды. Осы ретте су тасқынына қарсы қорғаныс дамбалары мен су қоймаларының құрылысына қатысты бірқатар ескерпелер берілді. Сондай-ақ облыс аумағындағы республикалық, облыстық және аудан ішілік маңызы бар автомобиль жолдарында 2017-2018 жылғы қыс мезгілінде көлік қатынасының үзілмеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Селекторлық отырыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы мен облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ құнарлығын арттыру, ауыл шаруашылығы алқаптарының және үй іргелік жерлерінің игерілуі барысы да талқыланып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу