Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАЗАҚ ДЕГЕН АТЫМ БОЛСЫН, ӘЛІПБИІМ ЛАТЫН БОЛСЫН!

ҚАЗАҚ ДЕГЕН АТЫМ БОЛСЫН, ӘЛІПБИІМ ЛАТЫН БОЛСЫН!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Отырар кітапханасында» «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» атты семинар-кеңес өткізілді.
Оған облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық Мемлекеттік архивінің басшысы Айдын Исатаева, «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңесінің кіші бағдарламалар менеджері Сейілхан Кендірбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Сәрсенбай Карибаев, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әшірбек Тұрдалин, жазушы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Сарманбай Исақ, облыс кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері, оқырмандар қатысты.
Алқалы жиынды «Отырар кітапханасының» директоры Күлия Смайылханқызы Айдарбекова жүргізіп отырды. Жиында сөз алған Сәрсенбай Карибаев Елбасының мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілгенін, бірнеше үлгілері жасалғанын, сондай-ақ бұл бастама жалпы еліміз үшін үдемелі ілгерілеушіліктің қадамы екенін жеткізді.
Облысымызда тұңғыш рет латын әрпімен басылған кітаптардың көрмесі жиынға жиналғандардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрмеге ОҚО бас архивінде сақталған латын әрпімен жазылған құнды құжаттар, Оңтүстік тұрғындарының қолында сақталған қолжазбалар, қан майданнан келген хаттар, 40-шы жылдары шыққан «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тігінділері қойылды. Қолжазбалар тарихы туралы құнды дүниені алып келген азаматтардың өздері әңгімелеп берді.
Кітапхана директоры Күлия Айдарбекова да қалыс қалмай, жеке кітапханасындағы ақын Ергөбектің жазып кеткен құнды кітабын сыйға тартты.

Пікір жазу