Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Мәжілістегі «Үкімет сағатында»

Мәжілістегі «Үкімет сағатында»

1. Қазақстанда ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 5 мың тексеру ұйымдастырылды.

Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа Еңбек кодексінің іске асырылу қорытындылары туралы баяндама жасады.

Салалық ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 5 136 тексеру ұйымдастырылған. Өтініштердің көбісі жалдау және жұмыстан босату мәселелеріне қатысты, олар бойынша 6 мыңнан астам құқық бұзушылық (4 мың кәсіпорын) анықталған.

Тексерулер нәтижесінде 326 млн. теңгеге айыппұл санкциялары салынып, 761 іс құқық қорғау органдарына берілсе, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қағидаларын бұзуға кінәлі 161 адам лауазымынан босатылыпты.

2. Ағымдағы жылы еңбек инспекторлары жұмысқа қолайсыз әрі зиянды 149 кәсіпорынға қатаң ескерту жасаған.

Одан бөлек, стандартты сақтау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 300-ге жуық ұсыныс әзірлеген. Сондай-ақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып 400 ге жуық кәсіпорында жұмыс істейтін 5000 қазақстандық азаматтың жұмыс орнын сақтап қалған. «Қауіпті» топтағы біраз азамат жұмыс кестесінде қолайлы режимге ауыстырылды.

Еліміздегі кәсіпорындардағы әлеуметтік ахуалға мониторинг нәтижесі осындай. Атаған сараптама қауіпті еңбек картасының дерекқоры арқылы жасалған. Айта кету керек, қорда еңбек инспекцияларының құжаттары, статистикалық мәліметтері және кәсіби эксперттердің бағасы мен пікірлері жинақталған. Осы ақпараттар негізінде өңірлердегі жұмыс сапасы мен еңбек құқығындағы ақсап тұрған мәселелер анықталып, тиісті шаралар қабылданады.

3. Қазақстанда жұмыс берушілерге маман таңдауда жеңілдіктер қарастырылуда.

Қазірдің өзінде пилоттық тәртіпте Астана, Алматы, Павлодар, және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері жаңа электрондық сипатта қызметкерлерді таңдау қызметін қолдана алатын, Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) іске қосылды. Компаниялар үшін жаңа жан-жақты тәртіп енгізілген, яғни бос жұмыс орындарын, халықты жұмыспен қамту орталықтарына (ХЖҚО) келмей-ақ ұсынуға болады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы біліп отырмақ. Сонымен қатар қазірдің өзінде компаниялар және жұмыспен қамту бойынша жеке агенттіктерге электрондық еңбек биржасына өзінің жеке кабинетін тіркеуге және өз бос жұмыс орындарын орналастыруға болады. Тіркелу кезінде бар талап етілетіні – портал қызметін толыққанды пайдалану үшін электрондық мекен-жайды, орналастыратын мәліметтердің дұрыстылығын бекіту және растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны көрсету керек. Еліміздегі басқа қалалар мен елдімекендердегі кәсіпкерлер мен жұмыс іздейтін тұлғаларға Қазақстан бойынша қызметкерлер таңдау және жұмыс іздеуде қажетті тегін сайтты қолдануға болады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу