Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті (страница 35)

Көкейтесті

КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ

Шымкентте «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясы өтті. Жиынға облыстық партия филиалы саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қалалардан сайланған делегаттар, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуір күнгі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру барысы туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни 15493 адам өз кәсіптерін ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті. «Өрлеу» ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы жұмысшы топ Астана қаласы маңындағы жасыл аймақтың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуда. Топ жетекшісі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ильяс Құрамысов бастаған топ елордадағы Жасыл белдеудегі орман тұқымбағында қолданылып жатқан озық технологиялардың жұмысымен танысты. Мұнда тамшылатып суғару әдісімен жыл сайын 10 млн түп ағаш көшеттері өсірілуде. Яғни жасыл белдеудің көлемі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ

Айта кетейік, еліміздегі кредиттік серіктестіктердің даму тарихы сонау 2001 жылдан бастау алады. Кредиттік серіктестік институты құрылғалы бері, 16 жыл ішінде олардың саны 187-ге жетті. Алғаш құрылған кезде қатысушылардың саны 800-ден аспаған болса, қазіргі таңда кредиттік серіктестік қатысушыларының саны 15 600-ді құрап отыр. Осы уақытқа дейін несие серіктестіктері арқылы шаруаларға 241 миллиард теңгенің 40 мыңнан астам займы берілген. Форум аясында «Кредиттік ...

Толығырақ »

НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

Шымкентте «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» атты тақырыпта еліміздегі кредиттік серіктестіктердің халықаралық І-форумы өтті. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Форум жұмысын ашып берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. «Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында өзара кредиттеу түріндегі қаржы мен несие қызметтерін ұсыну ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕГІ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ

«Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Республика бойынша халық саны жағынан да, түрлі этностың басым шоғырлануымен де бірінші тұратын және тілі мен салт-дәстүрдің сақталуымен ерекшеленетін өлкенің бірі де осы ...

Толығырақ »

ЭТНОСТАРДЫҢ БІРЛІГІН ПАШ ЕТТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды. «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрі күнін берекелі ...

Толығырақ »

63,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мақсатында «Оңтүстік жерлерін ұтымды пайдалану» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында тиісті іс-шаралар жоспары бекітілді және негізгі орындаушылар айқындалды (облыстық жер қатынастары, жер инспекциясы, ауыл шаруашылық басқармалары мен қала және аудан әкімдері). Жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде, жалпы алаңы 63,7 мың гектарды құрайтын 467 ауыл шаруашылық ...

Толығырақ »

«АЛТЫН САҚА» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, түркі мемлекеттерінің достастығы күніне орай Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында Халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Бұл фестивальде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Якутия, Алтай, Башқұртстан және Қазақстан Республикасының аниматорлары патриоттық рухты көтеруге арналған 21 фильмді қазылар алқасы назарына ұсынған болатын. Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының аниматоры Абай Әбілда ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АТАДЫ!

Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған еңбекші жастар спартакиадасы өз мәресіне жетті! Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы Леңгер қаласының орталық стадионында облыстың ірі 9 кәсіпорындарында жұмыс жасайтын жастар командаларының қатысумен «Еңбекші жастар – болашаққа жол бастар!» облыстық спартакиадасы өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында дене шынықтыру және ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛМЕН КҮРЕС

Шымкент көлік прокуратурасы мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы заңсыз жолаушылар тасымалы орын алатын орындар – «Көмеш бұлақ» базары маңы мен «Әскери комиссариат» аялдамаларында «Заңсыз жолаушылар тасымалына жол жоқ» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты, облыс тұрғындарына, жолаушыларға және заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілерге заңды және заңсыз тасымалдаудың айырмашылығын көрсетіп, тек заңды тасымалдау қызметін пайдалану қажеттілігін ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Астана қаласында өткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облысымыздан қатысқан ерікті жастармен кездесті. Кездесу барысында Ұласбек Сәдібекұлы көрменің жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқан ерікті жастарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, арнайы сыйлықтармен марапаттады. Көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жастарға алғысын білдірген Ұласбек Сәдібекұлы әлемдік шараның маңыздылығын да атап өтті. «Жалпы, ЭКСПО ...

Толығырақ »

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриалды аймаққа жасаған сапары барысында «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю зауытының құрылысымен танысты. 2018 жылы іске қосылатын өндірістің жалпы құны 4,2 млрд. теңге болып отыр. Жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, әкім заманауи шыны шығаруда шетелден кем түспейтін әрі сәулет құрылысында қолдануға ыңғайлы әйнек ...

Толығырақ »

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫН ЖЕДЕЛДЕТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік» индустриалды аймақта болып, ондағы бірқатар ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Облыс әкімі бірінші болып индустриялды аймақтағы шыны ыдыстар шығару ісімен танымал «Еврокристалл» зауытының өнімімен танысты. Ондағы өндірілетін өнімдерді газдалған сусындар мен шырындар, алкогольдік және сүт пен дәрі-дәрмектер шығаратын зауыттар қолданады. Мұнда түрлі қалыпта – 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер ...

Толығырақ »

ЧЕХИЯ МЕН ҮНДІСТАН ЕЛІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Биыл мақтаралдық «Мырзакент» мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда рекордттық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Бұл межеге жету үшін кәсіпорынға АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алып орнатқан қондырғысы көмектеспек. Өңірдегі мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары. Атап айтқанда, талшықтың шығуы 30 пайызға артық әрі сапасы жоғары, электр қуатының шығыны 25-30 пайызға үнемделеді және мақтаны өңдеу мерзімі 30 ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПОШТА АРҚЫЛЫ АЛАДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады. Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тіркеу, баланың туылуы мен күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың ...

Толығырақ »

МАҚТАНЫҢ КЕЛІСІН 165 ТЕҢГЕДЕН ӨТКІЗЕ БАСТАДЫ

Мақтаарал ауданында «Ақ керуен – 2017» мақта терімінің ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шарада ақ алтын бағасы анықталып, мақтаны қабылдау бекеттері алғашқы өнімді тоннасын 165 мың теңгеден қабылдай бастады. Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың нәтижесінде Мақтааралдағы 95 мың гектар жерге себілген шитті мақтадан орташа есеппен гектарына 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 15 мың ...

Толығырақ »

ЖЕМ-ШӨП ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындайды. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазагрогрин» кәсіпорны фермерлерді мал азығымен қамтамасыз етудің инновациялық тәсілін ұсынды. Бұл жерде арпа 1 апта ішінде өсіріледі. Гидропонды мал азығының құрамында жануарларға арналған дәрумендер мен ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН

Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, облыста 106 этнос өкілдері тұрады. Сол этнос өкілдерінің басым бөлігіне өз ана тілінде білім алуына мәдениеті мен салт-дәстүрін ұстануға толық жағдай жасалған. «Оңтүстік Қазақстан облысы – ұлттар мен ұлыстардың ең көп шоғырлануымен, ең бастысы олардың тілі, ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮНДЕУІ

ҚР Парламенті Мәжілісінде қазақ тілінің латын графикасындағы жаңа әліпбиінің жобасы таныстырылды. Латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі болып саналады. Латын әліпбиіне көшу бүгін ғана айтылып бір күнде қабылданған шешім емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының он екінші сессиясында сөйлеген сөзінде және «Қазақстан 2050» Стратегиясында, 2012 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтып, содан бері қоғам қайраткерлері ...

Толығырақ »

ЛАТЫНҒА КӨШУДІ ҚОЛДАЙДЫ!..

Бүгінгі таңда еліміздегі ең өзекті тақырыптың бірі, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда. Аталмыш тақырып аясында, 18.09.2017 ж. 11.00-де ОҚО «Азаматтық альянсы» ассоциациясының қабырғасында «Оңтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне көшуді қолдайды» тақырыбында ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ТІЛІ – ӘЛЕМ ТІЛІ

Қай заманда болмасын, мемлекеттің дамуы белгілі бір рухани немесе материалды өзгеріске итермелейді. Себебі, елдің ілгері жылжуында қажетті шешімдер, саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелері осы жағдайды туындатады. Бүгінде латын әліппесіне өту әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тіпті үкімет назарына ұсынылған әліппенің әріптері дау туғызуда. Осы төңіректе тарихты қарайтын болсақ, латын әліппесінің әлем әліппесіне айналғанына көзіңіз жетеді. Латын әліпбиі б.з.б 7 ғасырда Римде ...

Толығырақ »

ІРГЕЛІ ІС

Әліпбиді айырбастау – іргелі іс, тарихи шешім. Егер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұмыс жасайтын болсақ, бұл ісіміздің игілігін, бұл тарихи шешімнің жемісін халқымыз ғасырлар бойы көре беретін болады. Ең бастысы, келешек ұрпақтарымыз ұлтты әлемдік өркениеттің сара жолына салып берген елге, туған халқына алғысын айтатындай болуы қажет. Латын әліпбиіне көшу – әліпби мен жазбаның ауысуы ғана емес, ...

Толығырақ »

ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Еліміздегі әрбір отбасын, қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді рухани қуат, жасампаздық үрдіс, мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде жұмылдыруға, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жас ұрпаққа үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыруға, озық тәжірибелерді насихаттауға бағытталған «Ана тілі және отбасы» байқауы көпшіліктің көңілінен шықты ...

Толығырақ »

ЖАНАШЫРЛАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

Ана тілі – халықтың жан дүниесінің айнасы, өсіп-өнуіне нәр беретін түптамыры, қолдаушысы барда мәңгі құламайтын бәйтерегі. Арынды өзен бұлақтан бастау алатыны тәрізді, ана тілге деген сүйіспеншілік, құрмет балғын шақтан қалыптасады. Ана сүтімен бірге ана тілдің қадір-қасиетін бойға сіңіріп өскен ұрпақ ел қамын ойлайтын ұлтжанды перзент болып жетілетіні хақ. Өйткені, бүлдіршін халқының мәдени-рухани болмысын ана тілі арқылы ғана танып, біледі. Осы ...

Толығырақ »