Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ӘЛЕУЕТТІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША

ӘЛЕУЕТТІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША

Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының даму мәселелері мен жұмыспен қамту, еңбек ресурстары бойынша жиын өтті. Отырысқа еліміздің бірқатар министрлері мен солтүстік облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырған Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысымен танысқанын айтты. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту жайын сөз етіп, көші-қондағы қолдау мәселесін атап өтті.

«Оңтүстік өңірінің халқы іскер, оларды үйретудің қажеті жоқ. Тек қана жұмыстың жобасын көрсетсең, өздері алып кетеді. Облыстың өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоғары. Бау-бақшаны дамыту саласы бойынша да  шаруаны  алға қарай алып кете алады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін беріліп жатқан көмектер жеткілікті ма,  қосымша заңдарды қайта қарастырып, сол арқылы көмек қажет па, сол жағын қарастыруымыз керек», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Өз тілшімізден

Пікір жазу