Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мақтаарал ауданында мемлекеттік қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөнінде мәжіліс өтті. Жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» басқармасының бас маманы, топ жетекшісі Нұржан Сарғалдақов баяндама жасап, жиынға қатысушыларды бірқатар жаңалықтардан хабардар етті.

Аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Ерлан Тұрымбетовтің айтуынша, Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері, қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерімен ағымдағы жылдың 6 айында 206 877 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде қағаз жүзінде әрі тікелей – 182 887 қызмет, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациялары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 11 974 (6%), электронды үкіметтің веб-порталы арқылы – 12 016 (6%) қызмет жүзеге асқан.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында қала, кенттер мен ауылдық округтері әкімдерінің, дербес бөлімдердің және мектептердің информатика пәні мұғалімдеріне слайд арқылы электронды цифрлық қолтаңба алу, e.gov.kz порталынан қызметтер алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілген.

Сонымен қатар, ауылдық округтерде кеңес беру және электрондық түрде қызметтерді алу бойынша 24 қала, кент, ауылдық округтері әкімдерінің 48 маманы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында оқытудан өтіпті.

Көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру барысында аудан әкімдігінің ресми Maktaral.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі ашылып, онда қоғамдық мониторинг қорытындысы, жауапты мамандар, байланыс телефондары, инфографикалар, жылдық, тоқсандық есептер және салаға қатысты өзгеде ақпараттар орналастырылған. Сонымен бірге, веб-сайтта ЭЦҚ алудың тиімді тәсілдері мен ыңғайлы бейнероликтер орнатылып, қызметтер тізілімі арқылы қажетті қызметті таңдай отырып, e.gov.kz порталына өту мүмкіндігі қарастырылған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу