Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында аудан аумағында карантинге жалпы 12 аумақ жабылып, оқшауланған болатын. Қазіргі таңда аудан аумағында 12 індет ошағы анықталған орындар карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар үйден шықпай азық-түлікті және басқа да қажетті заттарды жақын орналасқан дүкендер арқылы тапсырыспен алдыруға мүмкіндік жасалынды, қосымша күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ олар: 1. Ә.Молдағұлова көшесі ...
Толығырақ »Қала тынысы
265 895 АДАМҒАӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
2020 жылғы 26 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 265 895 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 265 895 азаматтың ішінде 253 113 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Толығырақ »1 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырған азамат 1986 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматшамен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Шымкент қаласы Ішкі саясат ...
Толығырақ »АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Абзал Шымкентбайұлының баяндауынша, аудан аумағында қауіпті індеттің алдын алу үшін 8 блок-бекет орнатылған. Блок-бекеттердің жұмысы қатаң бақылауда. Жалпы ауданда карантинде — 49 адам, сондай-ақ 19 орын оқшауланған. Барлық оқшауланған орындарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. — Аудандағы 24 елдімекенде ...
Толығырақ »СӘБИІМЕН БІРГЕ АМАН
Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен ішіндегі шаранасын сақтап қалу үшін күрделі ота жасады. Ота №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен. №1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен 28-апталық жүктіліктегі әйелге ота жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны үш сағаттан аса жасаған. Ғажайыптың күшімен аман қалған азаматша қазір ...
Толығырақ »ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Оны дезинфекциялық орталық атқаруда. Мегаполистегі 15 тұрғын алапқа қарасты 6 250 000 мың шаршы метр жер дәріленеді. Залалсыздандыру жұмыстары 7 сәуірден басталған. Қазірге дейін мамандар Еңбекші ауданына қарасты 467 641 шаршы метр аумақты толықтай тозаңдатып шыққан. «Еңбекші ауданы бойынша «Жыланбұзған», «Бадам-1», «Бадам-2», «Тұрдабат», және «Жұлдыз» тұрғын алаптарын дәрілеу жұмыстары аяқталды», дейді Еңбекші ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Сауығып шыққан азаматтың үшеуі бір отбасының мүшелері. Олар 1996 ж., 1994 ж. және 1970 жылғы қала тұрғындары. Бұл отбасының мүшелерінен дәрігерлер 4-ші сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Үш аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастардың жағдайы жақсы дейді мамандар. Сондай-ақ дертінен сауыққан тағы бір азаматша 1964 жылғы қала тұрғыны. Бұл науқастан дәрігерлер 8-сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтаған. Төрт азамат та вирусқа ...
Толығырақ »13 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963 ж., 1993 жылғы. Қалған 11 азамат — 1973 ж.,1988 ж., 1989 ж., 1973 ж., 1999 ж.,1985 ж., 1984 ж., 1970 ж., 1994 ж., 1967 ж., 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. ...
Толығырақ »КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ
Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Әлия Ортай бастаған бір топ жас кәсіпкер қыздар карантинде отырған көпқабатты біздің үйдің әлеуметтік аз қамтылған бес отбасына арнайы азық-түлік алып келіп, қасиетті ораза айында мол сауапқа кенелді. Жалпы біздің үй тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылар саны қырықтан асып жығылады. Олардың арасында жалғызілікті аналар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, табысы төмен отбасылар бар. Басым көпшілігі бұл ...
Толығырақ »АДАМДАРҒА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ
Абай ауданының Полиция басқармасы №5 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары М. Әбдірахманов пен Б. Ирисбеков аумақтарында патрульдеу кезінде адамдарға шабуыл жасаған қабаған итті ұстады. 24 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы ПД-нің жедел басқару орталығына “Қазығұрт” шағын ауданындағы “Жандос” аялдамасының жанында адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер дереу оларды құтқарып алуға тырысты. Полиция қызметкерлерінің ...
Толығырақ »ЖҰҚТЫРҒАНДАР ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат (25.04.2020 жылғы сағат 11:00 — дағы мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1996,1993,1967 жылы туған азаматтар мен 1991,1966 жылы туған азаматшалар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен ...
Толығырақ »2 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Вирус жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары: 1966 ж.,1984 жылғы. 1966 жылғы азаматша, мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған 1947 жылғы азаматшамен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...
Толығырақ »САУДАГЕРЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысандары шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда супермаркет, дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес ...
Толығырақ »БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласының бас имамы қызметіне Бақдаулет Нұрматұлы Абдурахманов тағайындалды. Шымкент қаласына арнайы келген ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Есмағанбет бұған дейін елордадағы «Нұр-Астана» мешітінде абыройлы қызмет атқарған Шымкент қаласының жаңа бас имамын таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі. Ал Бақтыбай қажы Бейсенбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен басқа қызметке ауысты. Қаланың бас имамы қызметіне кіріскен Б.Абдурахманов ...
Толығырақ »ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...
Толығырақ »ТОЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ
Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шаралар күн сайын ...
Толығырақ »ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР
Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. — Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа ...
Толығырақ »КЕДЕРГІСІЗ КІРГІЗУДЕ
Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін ...
Толығырақ »АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді ...
Толығырақ »7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ
Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348. Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге 300-ге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 ...
Толығырақ »39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, 559 Ұлттық Ұлан сарбазы және 216 медицина мамандары жұмылдырылған. Айта ...
Толығырақ »БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
1968 жылғы азамат Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 52 жастағы науқас 20 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқаста жүрекшелердің фибрилляциясы, дилатациялық кардиомиопатия, артериалдық гипертензия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, қант диабеті сияқты қосымша ауру симптомдары болған. Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен біреше рет кеңес ...
Толығырақ »БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік саласының жауапты мамандары бекітілген 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылау үшін күнделікті супермаркет, дүкендер мен базарларды аралап, тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда қаламызда 2000-нан астам дүкен бар. Мобильді топ қызметкерлері дүкен иелеріне ассортименттегі тауар түрлерінің шекті бағадан аспауы керектігін ескертіп, күнделікті мониторингтік жұмыстар жүргізуде. Егер азық-түлік дүкен иелері ...
Толығырақ »42 500 ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК АЛДЫ
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Бұхарбай Рысқұлұлының баяндауынша, төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Карантинге жабылған «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 107 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған. Сонымен қатар «Грамад», «Карлс крона» компаниялары мен «Қазыбек» ...
Толығырақ »ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті. — Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да екі санатқа қосымша өзгерістер енгізілді. Карантин кезінде мұқтаж және зардап шеккендерге, қарт адамдарға волентерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлардың (әділет ұйымдарына тіркелген жағдайда) қозғалысына рұқсат берілді. ...
Толығырақ »