Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 103)

Қала тынысы

ӘЛЕМДІК ДІНИ САРАПШЫЛАР ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

Үшінші мегаполисте әлемдік діндердің сарапшылары, дін өкілдері бас қосты. «Діни бостандықты нығайту мақсатында стратегиялық серіктестік орнату» жобасы аясында дін бостандығы мен конфессияаралық қатынастарды құру мәселелері бойынша қазақстандық-американдық сарапшылардың дөңгелек үстелі өтуде, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Т.Қасымовтың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы ұйымдастырған жиынға АҚШ-тан келген LYNC (Love Your Neighbor Community) делегаттары қатысуда. ҚР Ақпарат ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН АЛАБТАРДАН — МЕГАПОЛИСКЕ ДЕЙІН

Шымкент қаласы əкімінің тапсырмасына сəйкес, бірінші кезекте қолға алынуы тиіс жұмыстар Əл-Фараби ауданында өз деңгейінде орындалуда. 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы аудан əкімі Ғабит Патшаханұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мəлімдеді, , деп хабарлайды «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі А.Молдиярқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. — Оған дəлел ретінде Сайрам, Қазығұрт, Төлеби аудандарынан қала аумағына енген 276-орам, 195-орам, Текесу тұрғын алабының ...

Толығырақ »

БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЖАСАДЫ

Қазақ халқында қол бастаған батырлар мен сөз бастаған би-шешендер аз болмаған. Сондай батыр ұлдардың бірі әрі бірегейі – Тілеу батыр. Тілеу батыр — XVII ғасырдағы қазақ тарихында ойып алар орны бар, елі үшін жасаған ерлігі мен сіңірген еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай тарихи тұлға. 1681-1684 жылдары Сайрамда жоңғарлармен болған соғысқа 17 мың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ пен інісі Қалдыбаймен ...

Толығырақ »

Жоба — жемісті болсын

Жалпы, елімізде өз кәсібін бастап, сол кәсіптің нәсібін көремін деушілерге бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасап, көптеген азаматтардың өз кәсібін ашып дөңгелетуде тиігзер пайдасы мол. Осы орайда, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ...

Толығырақ »

«ЕҢБЕК» ЖЕМІСІН БЕРІП ЖАТЫР

2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласында 28 мың 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 19 мың 544 адам жұмысқа орналастырылса, оның 12 мың 192-і тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Шымкент қаласында 3602 адам еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ...

Толығырақ »

Шымкент: Инвестиция тарту үдерісі үзілмейді

Жалпы қаланың әлеуметтік — экономикалық, мәдени, тұрмыстық әлеуетін жақсарта түсу мақсатында шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізу мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Мегаполистің солтүстік аймағында орналасқан «Shymkent City» 12 орамнан тұратын шағынаудан. Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын — сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған. Осы аумақта оңтүстіккореялық Highvill Kazakhstan инвестициялық — құрылыс компаниясы жалпы ...

Толығырақ »

Шымкентте «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды

Шымкентте қызықты сәулет туындысы орнатылды. Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі – 5 метр. Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл ақпарат Instagram желісіндегі visit_shymkent_kz парақшасында жарияланды. Аталған ақпаратқа сүйенсек, бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛДАСТЫҒЫ ЖОҚ!

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бәрімізге ортақ міндет. Себебі, бұл дерт қоғам дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне кедергі келтіреді. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизімнің жаңа түрі» тақырыбында қалалық диагностикалық орталығының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – денсаулық сақтау саласы өкілдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: «ПЭТ» – дертті асқындырмайтын орталық

Миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент қаласының жұрты енді сапалы ем іздеп Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына барып сабылмайтын болды. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар бұдан былай диагностикалық тексеруден өту үшін онкологиялық орталықтағы «ПЭТ» орталығының қызметіне жүгіне алады. Жаңа тексеру орталығының жұмысын іске асыру үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов түрік компаниясымен келіссөз жүргізіп, екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум аясында түрік инвесторлары қалалық онкологиялық орталыққа ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: Кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін – 9 бағыт

Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт — офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген. «Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ғы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Бұл жұмыстар бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ инвесторларды тарту мақсатында Қазақстан ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: Жастарға – жолбасшы

Қала тұрғындарының төрттен бір бөлігін құрайтын, 260 мыңнан аса жастары бар шаһардың жас өрендерінің өркенді істері мен оларды толғандырып жүрген мәселелерге көңіл бөлетін Ерлан Айтаханов студенттермен, мектеп оқушылары және жас отбасылармен еркін форматта кездесу өткізді. Студеттер қала әкіміне қоғамдық көліктің жүру бағыттары және жол ақысы, жолаушылар көлігінің жетіспеушілігін, әсіресе шалғай шағынаудандардан қаланың орталығына қатынаудың қиындығы жайлы айтып, қолжетімді баспана мәселелерін ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: Шағымданушылар саны екі есеге төмендеді

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын белсенді түрде қолдағандардың бірі – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов. Әкім қала активінің Мемлекет басшысының Жолдауын пысықтаған отырысында қайталама арыз-шағымдардың көптігін айтып, сырғытпа жауап беруді тоқтатуға шақырған болатын. Ағымдағы жылдың басынан жер, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларында 7 азаматтан 25 қайталама арыз-шағым түскен. Яғни, мәселесі шешімін таппаған. Қала басышысы барлық орынбасарлары мен басқарма ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: Әлеуметтік карта көмекке келеді

Тамыз айында қала әкімі арнайы әлеуметтік карта құруды тапсырды. Республиканың барлық ірі қалаларында жұмыс істейтін бұл карта мегаполистің өзекті мәселелерін шешуге арналған. Қазіргі таңда, мамандар дамудың маңызды құжаттарын әзірлеуге кірісіп кетті, бұл орайда әр аудан секторларға бөлінуде. «Қаладағы аудандардың да, шаһар аумағына қосылған 41 елдімекеннің де инфрақұрылымын дамыту аса маңызды, — деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі  Ерлан Айтаханов. – ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: инвестиция тарту басты назарда

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен, Қазақстан Республикасындағы GG Group трансұлттық корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен, Орталық Азия бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Бруно Балванера бастаған делегациямен, Қазақстан ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: Инвестиция тарту үдерісі үзілмейді

Жалпы қаланың әлеуметтік — экономикалық, мәдени, тұрмыстық әлеуетін жақсарта түсу мақсатында шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізу мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Мегаполистің солтүстік аймағында орналасқан «Shymkent City» 12 орамнан тұратын шағынаудан. Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын — сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған. Осы аумақта оңтүстіккореялық Highvill Kazakhstan инвестициялық — құрылыс компаниясы жалпы ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: кәсіпкерлікті дамыту басты назарда

Тартылған инвестиция көлемі жағынан 1 теңге бюджеттің қаржысына «Тассай» индустриялық аймағында 40 теңге, ал «Оңтүстікте» 10 теңге жеке инвестициядан келуде. Ашылғаннан бастап мемлекеттік бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық түсті. Қалада сауда нысандарының санын арттыру мақсатында ағымдағы жылы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын «Гипер Хаус» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталды. Халықты жұмыспен қамту бағытында, 2019 жылы 15 мың жұмыс орнын ашу ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: даму бағдарламасының дәйекті дәлелдері

Қаланың 2018 жылы бекітілген 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы тың қарқын алды. Ол 5 бағыттан тұрады: экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары.Бағдарламада 72 индикаторлар қарастырылса, оның 2018 жылы 65-не қол жеткізілді немесе орындалуы 90,3% болды. Нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1%-ды құрады. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: шалғайдағы елдімекендердің жол-инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне қаржы қаралады

Үшінші мегаполис атанған Шымкенттің алдында тұрған ауқымды міндеттерді саралау мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановты қабылдап, жаңа әкімнің Түркістан облысынан қалаға қосылған елдімекендерге жол салу, газ тарту, электр жарығымен және ауыз сумен қамту бойынша жоспарымен танысты. Кездесу соңында Қасым- Жомарт Тоқаев Ерлан Айтахановқа қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында қала басшысы ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН: Шалғайдағыларға – шынайы назар

Бұл орайда қызметіне кіріскеніне 100 күн толып отырған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына елеулі үлесін қосып үлгерді. Әкім келген бетте-ақ жұмысының басты бағытын ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елді-мекендерін дамыту мәселесіне ден қоюдан бастады. Шымқалаға жаңадан қосылған «Исфиджап», «Жаңаталап», «Сайрам», «Игілік» елді мекендері тұрғындарымен кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажымен танысты. Тұрғындарды толғантып отырған басты проблемалар ...

Толығырақ »

ТІЗГІН және 100 КҮН

Бүгінде Ерлан Айтахановтың қала тізгінін қолына алғанына  100 күн толып отыр. Осы уақыт ішінде Шымкент қаласының әкімі шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына  қаншалықты үлесін қосып үлгерді? Осы және басқа да сұрақтар төмендегі материалда. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы жарлық шығарды. Осылайша көне де жаңа қала еліміздегі он жетінші аймаққа айналды. Шымкенттің республикадағы үшінші ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте дәстүрлі «Таза қала» акциясы басталды. Байқауға қала аумағындаңы аула және көше атынан үй төрайымдары мен комитет төрағалары қатысуға құқылы. Бүгіннің өзінде 4 ауданнан 200-ден астам өтініш келіп түскен, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Акцияға қатысуға өтінім бергендердің бірі, Әл-Фараби ауданына қарасты Әлімбетов көшесі 45 «в» үйдің ауласы. Көпқабатты үйдің тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін, автоқақпа мен ...

Толығырақ »

Жаңартылған білім беру жүйесі жемісін беруде

Жаңартылған білім беру жүйесі жемісін беруде, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Жылдың басты құжатында Президент мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атады. Бұл ретте ұстаз бойында креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және командада жұмыс істей білу секілді қасиеттер болуы тиіс. Ал, мегаполис мектептеріндегі тірлік тиянақты. Педагог қауым жаңартылған білім беру жүйесінің нәтижесін қазірдің өзінде көріп ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: Өсіп кеткен тістері мұрнын тесіп шыққан бегомотқа құтқарушылар көмектесті

Шымкентте ұзындығы тістері 25-30 см-ге жеткен бегемот үш күн бойы нәр тата алмай қиналған, деп хабарлайды ernur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған  didarbek.kz. Енді бегомот гиппопотам ұзақ емдеу курсынан өтеді.Атап айтсақ, Шымкент қалалық зообағы директорының орынбасары 30 қазан күні сағат 12.09-да «112» құтқару қызметіне хабарласып, құтқарушылардан көмек сұраған. «Ол астыңғы азу тістері үстінгі тістерінің арасында тіреліп қалып, үш тәулік бойы бегемот ...

Толығырақ »

Шымкентте жеке құрам қысқы киім үлгісіне көшті

Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Ерғали Жарасбекұлы Бахаев Наурыз алаңында жеке құрамның саптық байқауын өткізді. Өткізілген іс-шараның мақсаты жеке құрамның қысқы киім киюге дайындық деңгейін анықтау; саптық дайындық дағдыларын, саптық командаларды орындау кезінде үйлесімділікті жетілдіру және үлгілі сыртқы көрінісін ұстау. Салтанатты түрде ТЖ департаментінің Туы шығарылды. Содан кейін сыртқы түрі, нысанды киім-кешектің және қызметтік куәліктердің болуы, сондай-ақ жеке ...

Толығырақ »

Шымкент: Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен, Қазақстан Республикасындағы GG Group трансұлттық корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен, Орталық Азия бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Бруно Балванера бастаған делегациямен, Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше ...

Толығырақ »