2020 жылғы 21 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 471 971 адамнан өтініш түскен.
Оның ішінде 228 223 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 216 379 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған.
Жалпы әлеуметтік төлем алатын 228 223 адамның 215 674-іне өтініштер бойынша, ал 12549-ына проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 210 692 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.
Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған, жұмыс істейтін азаматтардан, зейнеткерлерден, күндізгі бөлімде оқитын студенттерден, қайтыс болған азаматтар атынан түскен.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы