Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

На изображении может находиться: небо и на улице

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Басқарма басшысының орынбасары Болат Малимовтың айтуынша, Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінде қаладағы 13,8 млн. шаршы метрді құрайтын 1500-ге жуық көшені толығымен залалсыздандыру үшін 20 бағыттық кесте әзірленген. 32 техника жоспар бойынша күнделікті дезинфекция жұмыстарын атқаруда.

На изображении может находиться: на улице

– Жауапты мамандар гипохлорит кальций қоспасымен қала аумағын тазалап жүргендердің жұмысын күнделікті жүйелеп, үйлестіріп отыр. Бүгінде 200-ге жуық әскери қызметкер мен 100-ден астам жұмысшы қоғамдық орындар мен саябақтарды, аялдамаларды, аяқжолдарды залалсыздандыруға жұмылдырылған, — дейді Б. Малимов.

Бұдан бөлек, шағынаудандардағы қоқыс контейнерлері тұратын аумақтар мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын, кіреберістерін дезинфекциялауға 20 сервитік компанияның 60 техникасы мен 600-ге жуық жұмысшысы тартылған. Қала сыртындағы 18 блок-бекетте хауыздарға арнайы қоспалар құйылып, санитарлық нормалардың талаптарын орындау бақылауға алынған.

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди стоят

Айта кетейік, мегаполис ішінде карантинге жабылған шағынаудандар мен көпқабатты үйлердің аулаларын күн сайын химиялық өңдеу шаралары карантин аяқталғанша мақсатты жүргізілмек.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Пікір жазу