Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы базарлардың санитарлық тазалығы мен өртке қарсы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында бірқатар базарлардың жұмысымен танысты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қала басшысы ең алдымен автобөлшектер саудалайтын «Шымкент-Тұлпар» базарында болды. Заманауи үлгіде бой көтерген ірі сауда орнында қауіпсіздік жүйесі талапқа сай орнатылған. Тұтынушылар мен сатушыларға таза, ыңғайлы жағдай жасалған ірі сауда орталығының ...
Толығырақ »Қала тынысы
ЛОМБАРДТАР ЕСЕПТІК ТІРКЕУДЕН ӨТУІ ТИІС
Еліміздегі мемлекеттік тіркеуден өткен ломбардтарға осы жылдың 1 маусымына дейін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органда есептік тіркеуден өту үшін құжаттарын жіберуі қажет. Микроқаржылық қызметті және тізілімнен шығару қағидаларына сәйкес өткізілетін бұл құжаттар «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізілуі керек. Аталған қаулы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылдың 24 наурызындағы №21 ...
Толығырақ »ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«Жүрек жылуы» шарасы аясында Шымкент қаласына «Жусан» операциясы арқылы келген отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев қатысты. Елімізде орын алған төтенше жағдайда бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанның шарапаты мол. Қасиетті Ораза айында іс-шараға ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Еліміздегі қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты карантин шаралары жалғасатынын еске саламыз. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Осы ретте, барлық қала тұрғындарын адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармауын сұраймыз. Қала ішіндегі 20 ішкі бұғаттау бекеттері алынғанымен, аудан, облыс аралық 18 бекет әлі де ереже бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық шағын және орта бизнес өкілдері мен кәсіпорын иелері ...
Толығырақ »ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратменті мен «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы, Арнайы мониторингтік топ және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері жол құрылысы жұмыстары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Сапалы жол» жобасы аясында Нұртас шағынауданындағы Шұғыла көшесіне рейдтік шара ұйымдастырды. Мониторинг барысында мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтап, асфальтті-бетон жабынның ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТӘСІЛДЕР
Шымкент қаласындағы колледждер оқу жылын аяқтау кезінде аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі мәлімдеме жасаған Ж.Арысбекқызы аралық аттестаттауды өткізу кезінде төмендегі тәсілдер қолданылатынын БАҚ-мен өткізілген брифингте тілге тиек етті. Алдымен, автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып тестілеуді өткізу (Рlatonus, CollegeSmartNation); -жеке жобаларды орындау (on-line, оff-line); -практикалық, шығармашылық тапсырмаларды орындау (on-line, оff-line); -on-line режимде емтихан тапсыру. Тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, практикалық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТӘСІЛДЕР
Шымкент қаласындағы колледждер оқу жылын аяқтау кезінде аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі мәлімдеме жасаған Ж.Арысбекқызы аралық аттестаттауды өткізу кезінде төмендегі тәсілдер қолданылатынын бүгін БАҚ-мен өткіліген брифинг барысында тілге тиек етті. Алдымен, автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып тестілеуді өткізу (Рlatonus, CollegeSmartNation); -жеке жобаларды орындау (on-line, оff-line); -практикалық, шығармашылық тапсырмаларды орындау (on-line, оff-line); -on-line режимде емтихан тапсыру. Тест тапсырмалары, емтихан ...
Толығырақ »БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫН ҚАШАН БАСТАЙДЫ?
Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы 25 мамырға дейін дейін шегерілді. Алайда, уақыттың әрмен қарай ұзаруы да ғажап емес. Өйткені, миллионды қалада қауіпті кеселге шалдыққандардың қатары күнсанап көбейіп келеді. Бірінші кезекте халықтың денсаулығы болғандықтан, әзірге балабақшалар жұмысын қашан бастайтыны белгісіз болып тұр. Бұл туралы көпшілік тұрғынды мазалаған сұраққа жауап іздеген «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Асқарқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Фарида Ағыбекованың 8 ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛДЫ?
Мамыр айының 19-нан 20-на қараған түні исі мұсылман Қадір түнін қарсы алды. Жамағатжылдағыдай мінәжатын мешітте емес өз үйлерінде жасады. Себебі әлемдік пандемияға байланысты барлық мешіттер жабық болды. Шымкентте қадір түні қалай өтті? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Қадір түнінде түнгі қала тып-тыныш. Мұнарасы алыстан жарқырап тұратын мешіттерде тыныштық. Десекте имамдар қасиетті түнде алла үйінен ...
Толығырақ »БИЫЛ 8 470 ТҮЛЕК ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСАДЫ
Шымкентте биыл 8 470 түлек мектепті бітіргелі жатыр. Оның ішінде 6046-ы қазақ тілінде, 1545 оқушы орыс тілінде, ал қалған 879-ы өзбек тілінде аяқтайды. Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, қала мектептеріндегі 6 840 түлек ұлттық бірыңғай тестке қатысуға ниет білдірген. – Оқушылар биыл 4-тоқсанды қашықтан дәріс ала отырып аяқтайды. Яғни, 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру, ал 11 (12) ...
Толығырақ »САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Алда шомылу маусымы жақындап келеді. Осыған орай, Төтеншеліктер суда шомулы маусымына сақтық шараларын бір пысықтады. Әл-Фараби аудандық ТЖД-мен бірге жергілікті полиция қызметкерлері су айдындарында рейд өткізді. Мақсат шомылуға тыйым салынған аймақтарда қауіпсіздікті сақтау. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Әл-Фараби ауданына қарасты үш су айдыны бар. Атап айтқанда, Қошқар ата, Дендросаябақ ішіндегі көл, және ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағалидің және оның орынбасарлары Т.Серікбаев пен Б.Ұзынжастың қатысуымен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің ұжымымен онлайн жиын өтті. Іс-шара барысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы бойынша құқық бұзушылықтардың және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөніндегі ұсыну қаралды. Атап айтқанда, ИЧ-167/2 және ИЧ-167/10 қызметкерлері тарапынан ...
Толығырақ »150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ
«Шымкент» медресе — колледжінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі шарада «Шымкент» медресе — колледжінің директоры Талғат қажы Әсембай қасиетті Рамазан айымен құттықтап, діни басқарма тарапынан қолға алынған шараның маңыздылығына айрықша тоқталды. Бүгінгі шараның басты мақсаты тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасыларына қасиетті Ораза айында бірінші кезектегі азық — түлік өнімдері тарату еді. Қайырымдылық шара барысында медресе — колледждің 71 ...
Толығырақ »БИЫЛ ШЫМКЕНТЕ ҰБТ ТӨРТ ЖЕРДЕ ӨТЕДІ
Шымкент қаласында биыл мектеп бітіруші түлектер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жоғары оқу орындары жанынан 4 пункт белгіленген. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева «Шымкент келбеті» газетіне берген сұхбатында мәлім етті. – Жоғары оқу орындарының базасында орналасқан тест өткізу пунктерінде барлық материалдық жабдықтар әзірленген. Металл іздегіш құрылғылармен қоса әр аудитория талапқа сай дайындалған. Бейнебақылау орнатылады, түлектердің ата-аналары, туыстарына ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: 29 922 АЗАМАТТАН ӨТІНІМ КЕЛІП ТҮСКЕН
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. – Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 29 ...
Толығырақ »ҚҰТҚАРУШЫЛАР ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК ЕТУДЕ
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері мен техникалары Мақтааралдағы су басқан елді мекендерде алғашқы күннен бастап авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басу жағдайына байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жеке құрамнан 40 құтқарушы мен арнайы және қосалқы 8 техника мен 1 квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемелі қайық) ...
Толығырақ »САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала аумағында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде. Әл-Фараби ауданын аумағында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары күшейтілген. Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы) ...
Толығырақ »ЖЫЛЫНА 3,5 ТОННА МАРМЕЛАД ӨНДІРЕДІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы ірі ауыл шаруашылығы нысандарын аралап көрді. Қала әкімі қаланың Жібек Жолы көшесі бойында орналасқан «Рахат – Шымкент» ЖШС кондитер өнімдерін өндіретін нысанның жұмысымен танысты. Бұл кондитерлік фабрикада 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар жылына 3,5 мың тонна мармелад өнімін шығарады. Ал өнімдерін қаламыз бен еліміздің өзге өңірлерінен басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Әзірбайжан және ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жатқан бірқатар ірі нысандардың жұмысымен танысты. Шаhар басшысы бұл нысандарды қаланың ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары М.Исахов және Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековпен бірге аралады. Атап өтсек, бірінші нысан Қаратау ауданы, Сайрам елді мекені, Ибрагим ата көшесінде орналасқан мал бордақылау және тауарлы сүт өнімін өндірумен айналысатын ...
Толығырақ »ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ ТҮСІНДІРІЛДІ
Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген төтенше жағдай мерзімі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталды. Алайда шектеу шаралары біткен жоқ. Ширатып айтсақ, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында 11 мамыр сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 25 мамыр 07:00-ге дейін карантин режимі ұзартылған. Осыған орай, Қаратау ауданы әкімінің төрағалығымен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын жалғастыруда. Аталған орталық еріктілері қайырымдылық барысында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді. Ұйымдастырушылар тарапынан басты қажеттіліктер ескеріліп, тұрмыста көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, қарақұмық, шай және көкөніс өнімдері мен тәттілер таратылған. Осындай өзгелерге үлгі боларлықтай тәрбиелік мәні бар игі шаралар еріктілер тарапынан тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жастар ресурстық орталығы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ ЖАРАДЫ!
Ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында елдегі төтенше жағдай мерзімінде Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми — тәжірибелік орталығы ұйымдастырған «Қазақ тілін үйретуге арналған ең үздік подкаст» республикалық байқауы өз мәресіне жетті, деп жазады DIDARBEK.kz. Аталған республикалық байқауға 29 әдіскер — оқытушы подкаст ұсынды. Аталған сайыста жерлесіміз, Шымкент қалалық Тілдерді дамыту әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлнәр Есепбаева ...
Толығырақ »КОРОНАВИРУСТАН ЕКІ АЙЛЫҚ СӘБИ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкентте короновирустан жазылып шыққан науқастардың саны екі жүзден асты, деп жазады Шымкент ақпараттық сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Қалада соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханада шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде екі айлық сәби бар. Дәрігерлер шақалақтан коронавирус инфекциясын дер кезінде ...
Толығырақ »ҚАУІП ӘЛІ СЕЙІЛГЕН ЖОҚ
DIDARBEK.kz. Шымкент қаласының Полиция департаменті карантинге қатысты тұрғындарды мазалаған өзекті сұрақтарға жауап берді. Еліміздегі қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты карантин шаралары жалғасатынын еске саламыз. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Қауіп әлі де сейілген жоқ. Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындарын мазалаған сауалдарға жауап берді. СҰРАҚ: Шымкентке кірер және шығар жолдағы блок-бекеттерден көлік пен жүргізушілердің, жаяу жүргіншілердің өту тәртібі ...
Толығырақ »ТЫЛ АРДАГЕРІНІҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ
Бұл күнде ардақты тұлғалардың бірі – тыл ардагерлері. Тылда еңбек еткен олар соғыс кезі болсын, басқа да қиын кезеңдер де түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмей, жеңісті жақындатуға зор үлестерін қосты. Сондай тыл ардагерлерінің бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Скринникова Пракофья Егоровна. Талай қиыншылықты бастан кешіп, ауыр күндерді артта қалдырды. Жасы келсе де әлі тың. Ол тіпті қалада өтетін мерекелік іс-шараларға ...
Толығырақ »