Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖЫЛЫНА 3,5 ТОННА МАРМЕЛАД ӨНДІРЕДІ

ЖЫЛЫНА 3,5 ТОННА МАРМЕЛАД ӨНДІРЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаладағы ірі ауыл шаруашылығы нысандарын аралап көрді. Қала әкімі қаланың Жібек Жолы көшесі бойында орналасқан «Рахат – Шымкент» ЖШС кондитер өнімдерін өндіретін нысанның жұмысымен танысты.

Бұл кондитерлік фабрикада 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар жылына 3,5 мың тонна мармелад өнімін шығарады. Ал өнімдерін қаламыз бен еліміздің өзге өңірлерінен басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қытай мемлекеттеріне жөнелтеді.

М.Дүйсенбекұлының өндіріс орындарын аралауы Абай ауданы, Қызылжар елді мекенінде орналасқан «Шымкент құс» ЖШС тауарлы жұмыртқа және бройлер етін өндіру бағытындағы құс фермасымен аяқталды. Кешеннің орналасқан жалпы аумағы 57,7 га құрайды. Мұнда 320 адам тұрақты жұмыс істейді.

Бұл фабрикада 602,7 мың бас құс өсірілуде. Олар – жұмыртқалағыш мекиен тауық (286 мың бас), жас балапан (154 мың бас) және бройлер (123 мың бас). Ал жұмыртқаларды жинау мен сорттау процестері жайлы айтсақ, ол автоматтандырылған жүйе түрінде жұмыс істейді. Яғни, құс фермасының жылына 105 млн. дана жұмыртқа және 2000 тонна бройлер құс етін өндіруге қауқары бар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу