Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов қаланың ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып жатқан бірқатар ірі нысандардың жұмысымен танысты.
Шаhар басшысы бұл нысандарды қаланың ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары М.Исахов және Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбековпен бірге аралады.
Атап өтсек, бірінші нысан Қаратау ауданы, Сайрам елді мекені, Ибрагим ата көшесінде орналасқан мал бордақылау және тауарлы сүт өнімін өндірумен айналысатын «Бәйтерек Агро» АӨК-і болды. Аталған кешеннің негізгі өндіріс саласы – ірі қара мал бордақылау, тауарлы сүт фермасы, сүт қабылдау мен қайта өңдеу және мал сою орны. Мұнда 1300 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы мен 200 бас тауарлы сауынды сиыр бар. Тәулігіне 4 тоннаға дейін сүт қабылдап, сәйкесінше осы уақыт ішінде 4 тоннаға дейін сүт өңделеді. Бұдан басқа тәулігіне 50 бас ірі қара малды союға мүмкіндіктері толықтай жеткілікті.
Қазіргі таңда бұл кешенде 60 адам тұрақты, ал ауысым кезінде 200 адам жұмыс істейді. Өндіріс орны жайлы ерекше атап өтерлігі, ауыл шаруашылығы кооперативінде өндірілген өнімдерді тікелей делдалдарсыз қолжетімді бағада ұсыну мақсатында қаланың тұрғындары тығыз шоғырланған жерлерінде 5 дүкенде сатылуда. Бұл өнімдер дер кезінде сатылып, қала халқын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.
© DIDARBEK.kz