Күні кеше жазушы, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Мархабат Байғұт 75 жасқа толды. Осыған орай, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жазушының шаңырағына арнайы барып, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің құттықтауын жеткізді. Дүниені дүрліктірген пандемия салдарынан бұл мерейтойды өз шаңырағында ғана атап өтіп жатқан Мархаббат Байғұт облыс басшысының ықыласына ризашылығын білдірді. «Қалың көпшілік сізді ...
Толығырақ »Облыс жаңалықтары
ОҢАЙ ОЛЖА ОРҒА ЖЫҒАДЫ
Түркістан облысы полицейлері дәріхана сатушысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын, Сарыағаш қаласында орналасқан дәріханалардың бірінің қызметкері арызданады. Оның айтуынша «Самсунг» маркалы ұялы телефонын белгісіз тұлға жасырын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 000-ге жуық теңгені құрады. Аталған арыз Сарыағаш АПБ-не сотқа дейінгі ...
Толығырақ »ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ
Блок-бекетте полицейлерге қарсылық көрсеткен тұрғын анықталды. Түркістан ҚПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары облысымызға енгізілген карантинге байланысты Түркістан қаласында орналасқан блок-бекеттерде әрбір өтіп жатқан көліктерді тоқтатып, құжаттарын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осындай кезекті қызмет атқару барысында блок-бекетте тұрған полицейлер «Лексус» маркалы автокөлігін тоқтатады. Алайда, көлік жүргізушісі полицейге қарсы түрлі жаман сөздер айтып, балағаттай бастайды. Тәртіп сақшылары жүргізушіден көліктен шығуын, сабырға келуін ...
Толығырақ »ҚАЗАҚТЫҢ МАРХАБАТЫ 75 ЖАСТА
Ұлы Жеңіспен қатар дүниеге келген қазақтың талантты жазушыларының бірі Мархабат Байғұт ағамыз 75 жасқа толып отыр. Өмір жолын Түлкібас аудандық газетте корректор, тілшіліктен бастаған Махаң мемлекеттік қызметтің түрлі саласында абыроймен қызмет етті. 1992 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Махаң 1993-1998 жылдары облыстық тіл басқармасының бастығы, 1998-2001 жылдары облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы ...
Толығырақ »САЙРАМНЫҢ ҚҰЛПЫНАЙЫ
Сайрам ауданында жаздық маусымда жиналатын көкөніс пен жеміс-жидек кезінде сатылымға шықты. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент, Қарамұрт Ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барып, көкөністерді саудаға шығару жағдайымен танысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Аудандағы «Камран» шаруа қожалығы құлпынай, таңқурай, картоп өсірумен және мал бордақылаумен айналысады. Диқандар құлпынайды дер кезінде сатуда қиындық болмағанын, тек ауа-райының қолайсыздығынан ...
Толығырақ »ОНЛАЙН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
2020 жылдың 24 сәуір-14 мамыр аралағында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен #Үйдебол челленджі аясында, балалардың үйдегі уақытын тиімді пайдалану мақсатында #Balalarmen_birge байқауы мен туған жерге деген патриоттық сезімді ояту, өңіріміздің тұмса табиғатын насихаттау мақсатында «Ауылым – алтын тұғырым» атты қос байқау ұйымдастырылған болатын. Бұл ретте мамыр айының басында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты доданы қорытындылау уақыты кейінге шегерілген. Қазіргі уақытқа дейін ...
Толығырақ »СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ӨТТІ
Түркістан облысында еліміздегі карантинге байланысты биыл алғашқы рет соңғы қоңырау ерекше форматта, яғни қашықтықтан өтті. Ұстаздар мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайынғы үрдіс келесі оқу жылдарының еншісіне қалдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам ...
Толығырақ »АЛТЫН ҰЯЛАРЫМЕН ҚОШТАСТЫ
ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОҚУШЫЛАР! Соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. 1541 түлек «Алтын белгіге», 1240-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Өткен жылы ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды ...
Толығырақ »ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ
Халықаралық отбасы күнінің орай Жетісай АПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері жақсылық жасап, игі іске ұйытқы болды. Шымкент қаласы ІІД ЖППП-де қызмет атқарып, қызмет бабында қайтыс болған Нуржан Алтынбековтың жұбайы Жетісай қаласының тұрғыны Меруерт Укиеваны мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарды тарту етті. Нұржан Алтынбек 2007 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальон қызметінің ...
Толығырақ »ЖОҒАЛҒАН ЕКІ ЖАСӨСПІРІМДІ ТАПТЫ
Түркістан облысының полицейлері ізін суытпай жоғалған екі жасөспірімді тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтарал АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған екі баласын жоғалтып алғаны жөнінде хабарлайды. Балалардың анасы, кешкі уақытта үйінің жанында яғни Атакент кенті көшелерінің бірінде ойнап жүрген балалары белгісіз бағытқа кетіп қалғанын көрсетті. Бұл жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен ...
Толығырақ »КӨКНАР ЕГІСТІГІН ЖОЙДЫ
Түркістан облысының полицейлері кезекті көкнар егістігін жойды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Сарыағаш АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында ауыл тұрғынының ауласынан құрамында есірткі заты бар заңсыз егілген өсімдікті анықтаған болатын. Ол бұрын сотты болған Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің бау-бақшасынан 220-нан астам көкнарға ұқсас есірткі өсімдіктері табылған. Сондай-ақ, айғақты ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Бүгін, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков брифинг өткізіп, Түркістан облысының полицейлері 70 миллионнан астам теңге тұратын 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топтың ұсталғанын атап өтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Генерал Қайрат Дәлбековтің айтуынша, Түркістан облысы ПД-нің Криминалдық полиция қызеткерлері, яғни жедел уәкілдер Түркістан және Кентау қалаларының аумағында мал ұрлығымен ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ
Түркістан облысы Мақтарал ауданына «Niyet Charitable Foundation» қорының көмегі келіп жетті. Мақтааралдағы топан су салдарын жоюға тұтас қоғам атсалысып жатыр. Игі істен шет қалмаған «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры да тұрғындарға көмек қолын созды. Аталған қор мен «Nur Otan» партиясы арасында жасалған Меморандумда қайырымдылық іс-шараларын бірлесе атқару жөнінде келісім бар. Осыған сәйкес, аталған қор өкілдері «Біз біргеміз» акциясы және «Игі істер» ...
Толығырақ »20 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың ...
Толығырақ »БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖАБЫЛДЫ
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын 282 адам жұқтырған. Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Өкінішке орай, өңірде карантин талаптарының өрескел бұзылып жатқаны анықталып отыр. Пандемияға қарсы сақтық шараларының сақталмауы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы барысында анықталды. Кейбірінде «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған қаулы талаптары қадағаланбаған. Мәселен, қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ ...
Толығырақ »ТАЛДЫҚОРҒАННАН КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ
Бүгін Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Талдықорған облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Керуен жүгі Атакенттегі арнайы қоймаға орналастырылды. Алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады. Талдықорғандық топты бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев. Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының ...
Толығырақ »БІР МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨТЕМАҚЫ ТАРАТЫЛУДА
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның (30 420 адам) есепшоттарына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерді. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде ...
Толығырақ »ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ
2020 жылдың 22 мамырында карантиндік режимге қарамастан жолаушыларды жинап Түркістан қаласынан Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан автобусқа Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен тосқауыл қойылып, құзырлы органдармен тиісті шара көрілді. Сондықтан басқарма мамандары карантиндік режимді бұзбауға шақырады. Айта кетерлігі, жолаушылар тасымалы қызметін жалғастырып жатқан көліктер облыс аумағынан шығарылмайды. Ол үшін Сауран және Шақпақ блок-бекеттерінде тосқауыл қойылған. Ескеретін ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТЕГІН ТАСЫМАЛ ЖАСАЙДЫ
Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. Қалалық әкімдік қолдауымен «Жолаушы» ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды. Жалпы, мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отыра, халыққа демеу ретінде, ...
Толығырақ »БҰРЫШТАРДЫ ӨЗЕКТЕНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Шілмановтың модераторлығымен Түркістан облысында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыштарды» өзектендіру бойынша жиналыс өтті. Жиынның мақсаты — мемлекеттік қызмет жүйесін электрондық форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету. Карантин талабына сәйкес, маскалық режімде өткен басқосуға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Е. Жеңісбеков, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 14 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН
Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 5 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелді. Орман шаруашылығына келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы – 802,2 мың теңге шамасында. Орман өртінің көлемі – 2347,8 га орманды алқабы – 287 га, ормансыз алқабы – 2060,8 га. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепбергенов ...
Толығырақ »ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. ...
Толығырақ »ТҮЛЕКТЕР ЖАРАДЫ
Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Баспаналы болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдығын өткізген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бүгінгі күнге дейін аудан ...
Толығырақ »МАМИН МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ...
Толығырақ »«БАДАМ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН АРАЛАДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймақтың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд. теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар, іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд. теңгені құрайды. Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін ...
Толығырақ »