Бүгін Түркістандағы білім ошақтарында «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды.
⠀
Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов №19 жалпы орта мектебіне барып, түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, үлкен өмірге қадам басудағы қадамдарына ақ жол тіледі.
⠀
Биылғы мектеп бітіру күні еліміздегі жағдайға байланысты ерекше өтуде. Атап айтсақ, сақтық шаралары, яғни кіре берісте температураны өлшеп, қатысушы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға медициналық бетперде мен қолғап үлестірілген. Әр сынып жеке-жеке соңғы қоңырауды өткізеді. Сол аралықта бір сағат уақыт дезинфекция жасауға бөлінген.
⠀
Жалпы, Соңғы қоңырау рухани шаһарда 3-4 маусым, яғни ертең де жалғасатын болады. Аталған кешке тек оқушылар, ата-ана мен мұғалімдер қатысады. Түркістан қаласы бойынша биыл 1507 түлек мектеп бітірсе, соның 1150-і ҰБТ-ға қатысады. «Алтын белгіге» 116, «Үздік аттестатқа» 46 оқушы ие болды. Ал, мерекелік кештен соң, түлектер ағаш отырғызып, өздерінен кіші сыныптарға өнеге көрсетті.
© DIDARBEK.kz